2018 жылғы мамыр айындағы іс-шаралар жоспары
  • 3 мамыр – «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің аумағында «Жас ұландар – мақтанышы елімнің» іс-шарасы (Генерал С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» республикалық мектебімен бірігіп)
  • 9 мамыр – Ақмол ауылының Орталық аланында «АЛЖИР» мұражайы ұжымының Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі мен митингке қатысу
  • 18 мамыр – «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің аумағында Ашық есік күні. «Мұражай әр адамның жадында» (Халықаралық мұражайлар күніне орай)
  • 18 мамыр - «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің аумағында «Музейдегі түн» театрландырылған іс-шара (Ақмол ауылының Мәдениет үйі мен № 5 орта мектебімен бірігіп, Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20-жылдық мерейтойы аясында)
  • 31 мамыр - «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің және «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» Монументінің аумағында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін өткізу. Митинг және Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының Мемориалы мен «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» Монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі
  • Мамыр ішінде - көрме залында «АЛЖИР»-дің бірегей жәдігерлері» көрмесі (2016-2017 жж. зерттеу жұмыстары барысында жиналған материалдар негізінде, 31 мамыр – Саяси құғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай)
  • Мамыр ішінде – Астана қаласаының ішкі істер департаментінде «Ғасырға жалғасқан азап» көрмесі. «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмнің көрсетілімі
  • Мамыр ішінде – Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасында «АЛЖИР»-дің арулары» көрмесі. «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмнің көрсетілімі
  • Мамыр ішінде – Астана қаласының кәсіптік техникалық колледжі «Бабасы мықтының баласы мықты» көрмесі. «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмнің көрсетілімі
  • Мамыр ішінде – «АЛЖИР» мұражайында «АЛЖИР» тұтқындары – еврей ұлтты әйелдерінің рухына арнап ескерткіш белгісін орнату
  • Мамыр ішінде – «АЛЖИР» мұражайында «АЛЖИР» тұтқындары – белорус ұлтты әйелдерінің рухына арнап ескерткіш белгісін орнату
  • Мамыр ішінде – мұражайда бірінші кеңес дипломаты, араб елдеріндегі Кеңес Ресей өкілетті уәкілі, 1937 жылы қуғын-сүргін құрбаны Карим Абдрауфович Хакимовқа арналған «Карим Хакимов. Аравийский визирь Кремля» деректі фильмінің авторы Радик Нажибович Кудояровпен кездесу ұйымдастыруда. «Две жизни, одна судьба» көрмесінің тұсаукесері өткізіледі.
  • FaLang translation system by Faboba