ekspozitsionno-vystavochnaya-deyatelnost-2017g

Экспозиция және көрме бөлімінің қызметі

"АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешенінде саяси қуғын-сүргін тарихы мен тарихи-мәдени мұраны дәріптеу мақсатында тақырыпты, арнайы, ауыстырылатын көрмелер ұйымдастырылады. Мұражай дайындаған тұжырымдамаға сәйкес заттарды көрсету арқылы жасалған көрмелер білім алуға және тәрбие беруге бағытталған.

 

16-22 қаңтар аралығында көрме залында мұражай қызметкерлері 1938 жылдың 6 қаңтарында «АЛЖИР» лагеріне тұтқын әйелдердің алғашқы легінің келуіне орай «АЛЖИР» қасіреті мәңгі біздің жадымызда сақталады» көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырды.

6-22 ақпан аралығында «АЛЖИР» мұражайының «Алаш» залында Ауған кеңес әскерлерінің шығарылғанына 28 жыл толуына орай «Интернационал жауынгерлердің ерлігі» көшпелі көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге мұрағат құжаттары мен кеңес жауынгерлер мен офицерлердің және әскери техникасын көрсететін фотосуреттер, сонымен қатар ардагер, интернационалист-жауынгер Ж.Т.Дүйсекеевтің тапсырған Ауған соғысындағы Кеңестік жауынгердің формасы қойылған. Бүгінде біздің еліміздің тарихында ауған-жауынгерлердің ерлігі мәңгі есте сақталуда.

12 ақпанда мұражай қызметкері Е. Саморокова «Зерде» залында мұражай келушілеріне Ауғанстаннан кеңес әскерлерін шығарылғанына арналған «Интернационал жауынгерлердің ерлігі» дәріс сабағын оқыды.

18 ақпанда мұражай қызметкері Г. Бауржанова «Зерде» залында мұражай келушілеріне Алматы облыстық мұрағатынан алынған материалдар негізінде «30-50-шы жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін тарихы» слайд көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырды.

22 ақпанда мұражай қызметкері Е.Саморокова Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «С.К. Нұрмағанбетов атындағы Республикалық «Жас Ұлан» мектебі» РММ «АЛЖИР»-дің әйгілі есімдері» тақырыбында слайд көрмесін ұйымдастырып, дәріс сабағын оқыды. Сонымен қатар, оларға «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Республикалық «Жас Ұлан» мектебі бастығының орынбасары, тәрбиелеуші бөлімінің бастығы мен идеологиялық жұмысының подполковнигі Амантай Қалабайұлы Жарбосынов «АЛЖИР» мемориалының 10-жылдығына орай мұражай директорының атына құттықтау алғыс хаты мен «Жас ұлан» мектебінің эмблемасы бейнеленген естелік кәдесыйын табыстады. Дәріс сабағына 150 адам қатысты.

23 ақпанда мұражай қызметкерлері Б. Жалгасова мен С. Майлыбаева Астана қаласы энергетика және байланыс колледжінде «АЛЖИР» қасіреті мәңгі біздің жадымызда сақталады», «Біз куәлік етеміз» тақырыбындағы слайд көрмелері мен дәріс сабақтарын қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырды. Сонымен қатар, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Дәріс сабағына 120 студент қатысты.

23 ақпан – 1 наурыз аралығында «АЛЖИР» мұражайында «АЛЖИР» лагерінде мерзімін өтеген суретші-әйелдерге арналған «Қапаста тұншыққан поэзия» көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырды.

25 ақпанда мұражай қызметкері С. Майлыбаева «Зерде» залында мұражай келушілеріне Қостанай облыстық мұрағатынан алынған материалдар негізінде «30-50-шы жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін тарихы» слайд көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырды.

3 наурыздаэкскурсия және көрме бөлімінің маманы Анар Хасенова 2017-2018 жж. арналған музейлер мен музей қорықтарды дамытудың Жол картасын жүзеге асыру аясында Көкшетау қаласында Ақмола облысы музейлерінің арасында өткен «2016 жылдың ең үздік экскурсия жетекшісі» облыстық байқауына қатысты. Байқауға белсенді ат салысқаны үшін мұражай маманы Ақмола облысы әкімдігі мен Ақмола облысы басқармасының дипломымен марапатталды.

4-5 наурызда «АЛЖИР» мұражайының көрме залында «АЛЖИР»-дің тұтқындары» көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды.

6-13 наурызда аралығында «Алаш» залында мұражай педагогикасы аясында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Ақмол ауылының №5 орта мектебі оқушыларының, көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың, сонымен қатар Целиноград ауданының ІІ аудандық бөлімінің есебінде тұрған балалардың салған суреттері бойынша көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды.

6-13 наурыз аралығында «Алаш» залында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Айдынын аңсаған аққулар» көшпелі көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды.

14-24 наурыз аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Алаш» залында Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, Наурыз!» атты көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды. Көрме 6 бөліктен тұрады: «Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын», «Қазақтың ұлттық тағамдары», «Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері», «Қазақтың ұлттық ойындары», «Қазақтың ұлттық әшекей бұйымдары мен музыкалық аспаптары», «АЛЖИР» мұражайында өткізілген наурыз мейрамы». Көрмеге қазақтың ұлттық киімдері мен ұлттық жәдігерлері, сонымен қатар Ақмол ауылындағы №5 орта мектеп оқушыларының наурыз тақырыбына арналған суреттері қойылды.

24-30 наурыз аралығында АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Көрме» залында мұражай келушілеріне 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР-нің тұңғыш прокуроры Сүлеймен Есқараевтың туғанына 120 жыл толуына орай «Санадан өшпес зор бейне» тақырыбында слайд көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды.

30 наурызда Целиноград ауданындағы Мәдениет үйі залында облыстық «Ақмола жұлдыздары» көркемөнерпаздар байқауын өткізу аясында мұражай қызметкерлері «АЛЖИР» лагеріндегі тұтқындардың тағдырлары жайында «Тәлкекке түскен тағдырлар» көшпелі көрмесін ұйымдастырды.

6 сәуірде экспозиция-көрме жұмысы бөлімінің маманы Целиноград ауданы Оразақ ауылы № 27 орта мектебінің 5-6 сынып оқушыларына «Сол бір зобалаң жылдар» слайд көрмесі мен дәріс сабағын ақысыз түрде ұйымдастырды.

8 сәуірде зерттеу жұмысы бөлімінің маманы «Зерде» залында мұражай келушілеріне «АЛЖИР»-дің әйгілі есімдері» ақысыз түрде дәріс сабағын оқыды.

13 сәуірде экспозиция-көрме жұмысы бөлімінің маманы Астана қаласы Ішкі істер департаменті мұражайында «Алаш» партиясы мен «Алаш Орда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Ұлт зиялыларының асыл мұралары» көшпелі көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырды.

14 сәуірде экспозиция-көрме жұмысы бөлімінің мамандары Астана қаласы Ішкі істер департаменті мұражайында «Алаш» партиясы мен «Алаш Орда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ болмысының сақталуы. Алаштың ардақты ұлдарының арманы» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысып, Б. Жалғасова «Сол бір зобалаң жылдар» баяндамасын оқыды. Дөңгелек үстелге 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған, қазақтың драматургы Қошмұхамед Кемеңгеровтың немересі Ризабек Нармамбетұлы Кемеңгеров және «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің директоры Мейрамбай Әскербайұлы Оралов қатысты. Соңында Астана қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы А.А. Әубәкіров мұражай қызметкерлерін ұйымдастырылған іс-шараға қатысқаны үшін алғыс хатпен марапаттады.

15-16 сәуірде «Зерде» залында «АЛЖИР». Оралған естелік» атты деректі фильмінің көрсетілімі өтті.

23 сәуірде экспозиция-көрме жұмысы бөлімінің маманы «Зерде» залында мұражай келушілеріне «АЛЖИР»-дің әйгілі есімдері» дәріс сабағын оқыды.

29-30 сәуірде «Алаш» залында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Халықтар достығы – ел бірлігі» слайд көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылған.

26 сәуір – 3 мамыр аралығында «Алаш» залында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Халықтар достығы – ел бірлігі» слайд көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды.

3-9 мамырда мұражайдың «Алаш» залында 9 мамыр – Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 72 жыл толуына орай «Ерлік туын көтерген ерлер» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Ұлы Отан соғысының қатысушылары, Кеңес Одағының батырлары Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметоваға қатысты материалдар қойылды.

11 мамырда экспозиция-көрме жұмысы бөлімінің маманы А. Хасенова Абайдың «Жидебай-Бөрілі» Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Алаштың азап тартқан арулары» көшпелі көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде «АЛЖИР» лагерінде жазасын өтеген Қазақстанның белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері жұбайларының фотосуреттері, мұрағаттық құжаттар мен заттай жәдігерлер қойылды.

19 мамырдан маусым айының соңына дейін көрме залында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «АЛЖИР»-дің бірегей жәдігерлері» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде 2015-2016 жылдардағы іс-сапарлар нәтижесінде жинақталған жәдігерлер қойылды.

2017 жылғы 1-4 маусымда «Алаш» залында «АЛЖИР-дегі сәбилер. Дети «АЛЖИРа»» бейнепанорамалы көрмесі мен «Біз ана алақанын сағындық» дәріс сабағы ұйымдастырылды. Көрмеге Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «АЛЖИР» тұтқындары Әзиза Исенғұлованың балалары Сәуле мен Риданың, Фатима Османованың қыздары Зарема мен Айткүлдің, Күлжамал Майлинаның балалары Еділ, Мереке және Рәзияның, Анна Каганның балалары Феликс пен Владимирдың, Ирина Шубрикованың балалары Искра, Майя және Владимирдың, Зина Ахметованың қызы Азалияның, Зүфнұн Нұрмақованың балалары Ноян мен Тамараның, Хана Мартинсонның балалары Мартин және Иннаның, сондай-ақ Кира Андроникошвилидің баласы Борис пен Нина Всесвятскаяның балалары Юлий және Алиналардың фотосуреттері мен аналарына жазған хаттары ұсынылды. Сондай-ақ, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Әлихан Бөкейхановтың қызы Елизавета Садуақасовамен ұлы Үкітайдың және қуғын-сүргін құрбаны, Алаш қайраткері, қазақтың жазушысы Қошке Кемеңгеровтің балалары Нартай, Сәуле мен Зайралардың хаттары мен фотосуреттері көрсетілді.

3-4 маусымда «Алаш» залында «Туыс – намыс, ұраным – бірлік, рәміздер - мақтанышым» бейнепанорамалы көрмесі мен «Мемлекеттік рәміздер - менің мақтанышым» дәріс сабағы ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақстан Республикасының негізгі рәміздерін бейнелейтін материалдар: Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы, Мемлекеттік Әнұраны көрсетілген.

15 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Алаш» залында Сикор-Май келісім шартына қол қойылғанына 75 жыл толуына орай «Армия Андерса – путь надежды» көрменің салтанатты ашылуы өтті. Генерал Андерстің бірегей армиясы 120 мың адамнан құралған поляк ұлтты тұтқындардан, жер аударылғандардан және ГУЛАГ тұтқындарынан құралды. Көрмені Генерал Андерстің қызы – Польша Республикасының сенаторы, Премьер-министр Канцеляриясының мемлекеттік хатшысы Анна-Мария Андерс ашты. Ашылу салтанатына Польша Республикасы Сенатының Вице-маршалы Мария Коц, Польша Республикасының Сенаторлары және Поляк БАҚ телеарнасының өкілдері, сонымен қатар Қазақстан Республикасы мемлекет тарихы институтының қызметкерлері қатысты.

23 маусым – 10 қыркүйек аралығында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында «Алаш» залында «Ұрпақтар есінде» көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды. Көрмеде қуғын-сүргінге ұшыраған ұрпақтар мен «Ұрпақтар ұмытпайды. Помнят потомки» Халықаралық жобаның қатысушылары арқылы мұражай қорына түскен фотосуреттер мен мұрағаттық құжаттар ұсынылды. Тапсырған материалдардың ішінде: Хасен Нұрмұхамедов пен оның жұбайы «АЛЖИР» тұтқыны Кира Берсеневаның, Мұхамедқали мен Шәкітай Тәтімовтардың, Шәкір мен Ғайнижамал Ғайсиндердің, Сұлухан Бағызбаеваның, Клара Брон мен Ента Лихтенштейннің жиынтық материалдары. Көрме «АЛЖИР» тұтқыны Ғайсина Ғайнижамалға тиесілі «Зингер» тігін мәшинасы, сонымен қатар балалардың хаттары, Леон Нұрмұхамедовтың «АЛЖИР» лагеріндегі отырған анасы Кира Берсеневаға жазған хаттарымен толықтырылды.

27 маусым – 10 шілде аралығында мұражай педагогикасы аясында «АЛЖИР» залында балалардың салған суреттері бойынша «Астана – балалар көзімен» тақырыбындағы слайд көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды. Көрмеде Ақмол ауылы № 5 орта мектебінің 1-5 сынып оқушыларының, көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың салған суреттері көрсетілді.

1-13 шілдеде «АЛЖИР» залында қала күніне орай «Елдің төрі – Елорда» слайд көрмесі және дәріс сабағы ұйымдастырылды.

3 шілдеде мұражай аумағында Венгрия және Корея елшіліктері өкілдерінің қатысуымен «АЛЖИР» тұтқындары, венгрия ұлтты әйелдерінің рухына арнап ескерткіш белгінің ашылу рәсімі өтті. Рәсімде Қазақстан Республикасындағы Венгрияның Төтенше және Өкілетті елшісі Андраш Барани мен «АЛЖИР» мұражайының директоры М.Ә.Оралов сөз сөйледі.

8 шілдеде мұражай қызметкері Ә.Ескендірова «Алаш» залында мұражай келушілеріне «Еліміздің болашақ бесігі» дәріс сабағын оқыды.

12-31 тамыз аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Алаш» залында 30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне орай «Ата заңым – мемлекеттің арқауы» слайд көрмесі мен «Негізгі Заң – біздің басты Заңымыз» дәріс сабағын ұйымдастырды. Көрменің мақсаты: Ата Заң тұрақтылығы – Қазақстанның тұрақтылығы екенін келушілерге жеткізу. Көрмеде Егеменді елімізде, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Ата Заңы аясында көпұлтты халықтардың тең құқылы өмір сүріп жатқандығы, сонымен бірге Конституцияда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп қабылданғаны жайында және Тәуелсіз Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына, денсаулығын сақтауға құқығы жайлы фотосуреттері көрсетілді.

26-29 тамыз аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің экспозиция және көрме жұмысы бөлімінің маманы Г. Төлепбергенова келушілерге «Зерде» 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күніне орай «Ядросыз әлем – Қазақстанның жаһандық мүддесі» дәріс сабағын ұйымдастырды.

3 қыркүйекте экспозиция және көрме жұмысы бөлімінің маманы Г. Төлепбергенова «Зерде» залында Алаш партиясының құрылғанына 100 жыл толуына орай «Алаш партиясының қызметі» тақырыбында дәріс сабағын ұйымдастырды.

4-13 қыркүйекте «АЛЖИР» залында отбасы күніне орай «Отбасы – өмір аясы» тақырыбындағы слайд көрмесі ұйымдастырылды.

9 қыркүйекте зерттеу жұмысы бөлімінің маманы Е. Саморокова «Зерде» залында отбасы күніне орай «Қираған ошақ» тақырыбындағы дәріс сабағын оқыды.

19 маусым – 15 қыркүйек аралығында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында «Алаш» залында «Ұрпақтар есінде» көрмесі мен «Ұмытылмас есімдер» дәріс сабағы ұйымдастырылды. Көрмеде қуғын-сүргінге ұшыраған ұрпақтар мен «Ұрпақтар ұмытпайды. Помнят потомки» Халықаралық жобаның қатысушылары арқылы мұражай қорына түскен фотосуреттер мен мұрағаттық құжаттар ұсынылды. Тапсырған материалдардың ішінде: Хасен Нұрмұхамедов пен оның жұбайы «АЛЖИР» тұтқыны Кира Берсеневаның, Мұхамедқали мен Шәкітай Тәтімовтардың, Шәкір мен Ғайнижамал Ғайсиндердің, Сұлухан Бағызбаеваның, Клара Брон мен Ента Лихтенштейннің жиынтық материалдары. Көрме «АЛЖИР» тұтқыны Ғайсина Ғайнижамалға тиесілі «Зингер» тігін мәшинасы, сонымен қатар балалардың хаттары, Леон Нұрмұхамедовтың «АЛЖИР» лагеріндегі отырған анасы Кира Берсеневаға жазған хаттарымен толықтырылды.

9 қыркүйекте экспозиция және көрме жұмысы бөлімінің маманы А. Хасенова WIP алаңында «АЛЖИР» тұтқындарын есте сақтау бойынша мұражайдың қызметі» тақырыбындағы слайд көрмесінің тұсаукесерін, сонымен қатар «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» және «Дольше жизни» деректі фильмдерінің көрсетілімдерін ұйымдастырды. Аталған іс-шара Астана қаласы Урбанистика орталығында ұйымдастырылды.

14-21 қыркүйекте «АЛЖИР» залында мемлекеттік тілдер мерекесіне арналған «Мемлекеттік тіл – еліміздің тұғыры» слайд көрмесі мен «Тілім менің – тірлігімнің тірегі» тақырыбындағы дәріс сабағы ұйымдастырылды.

20 қыркүйекте Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында мұражай қызметкерлері А.Саморокова мен Ә.Ескендірова Ақмол ауылы № 5 орта мектебінің 7 «А» оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында слайд көрсетілімі бойынша дәріс сабағы ұйымдастырылып, бағдарламаның негізгі тармақтарын ашып көрсетті. Оқушылар қызметкерлер қойған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтты.

20 қыркүйекте «Астана – есірткісіз қала» өңірлік бағдарламасы аясында мұражай қызметкерлері А.Саморокова мен Ә.Ескендірова Ақмол ауылы № 5 орта мектебінің 7 «А» оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында слайд көрсетілімі бойынша «Келешегіміз есірткісіз болсын!» дәріс сабағы оқылып, өсіп келе жатқан жастардың арасында есірткіге байланысты бағдарламаның негізгі сұрақтарын ашып көрсетті. Оқушылар қызметкерлер қойған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтты.

23-30 қыркүйекте «АЛЖИР» залында Қазақстанға жер аударылған халықтарына арналған «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» тақырыбындағы слайд көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырылды.

26 қыркүйекте «Зерде» залында мұражай директорының орынбасары Қуат Төлеуұлы Дүйсекеев «Терроризм және экстремизммен күрес» тақырыбындағы дәріс сабағын оқыды.

28 қыркүйекте Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында мұражай қызметкерлері Э.Аяғанова мен Г.Төлепбергенова Целиноград ауданының кітапхана, мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында слайд көрсетілімі бойынша дәріс оқылды.

6 қазандаЕлбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мұражай қызметкері Ә.Ескендірова Целиноград ауданының «Жас-Шабыт» балалар шығармашылық орталығы МКҚК-да Ақмол ауылы № 5 орта мектебінің оқушыларымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында Ә. Ескендірова дәріс сабағын ұйымдастырып, бағдарламаның негізгі тармақтарын ашып көрсетті.

6-13 қазанаралығында зерттеу жұмысы бөлімінің маманы Е. Саморокова «АЛЖИР» залында сталиндік террордың кінәсіз құрбаны болған, балалар үйінде ерекше тәртіптен өткен балаларға арналған «Гулаг балалары» слайд көрсетілімі бойынша көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырды.

13 қазандаЕлбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мұражайдың экскурсия жүргізушісі Б.Саханова «Целиноград ауданы әкімдігінің аппараты» ММ қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында Б. Саханова слайд көрсетілімі бойынша дәріс сабағын ұйымдастырып, бағдарламаның негізгі тармақтарын ашып көрсетті.

14 қазандамұражай қызметкері Ә. Ескендірова «Зерде» залында мұражай қонақтарына Қазақстанның қуғын-сүргінге ұшыраған қайраткерлеріне арналған «Қызыл террор құрбандары» тақырыбындағы дәріс сабағын оқыды.

18 қазандаэкспозиция және көрме жұмысы бөлімінің маманы Астана қаласы әкімдігінің «Әлеумет-көмек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Жазылмаған жара» тақырыбындағы слайд көрмесі мен дәріс сабағын, «АЛЖИР» тұтқыны Лидия Френкель Виолинаның немересі, режиссер Дарья Виолинаның «Дольше жизни» деректі фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды.

20 қазандаЕлбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мұражай қызметкері Б. Жалғасова Целиноград аудандық емханасының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында Б. Жалғасова слайд көрсетілімі бойынша дәріс сабағын ұйымдастырып, бағдарламаның негізгі тармақтарын ашып көрсетті.

23 қазандаэкспозиция және көрме жұмысы бөлімінің маманы Р. Жақсыбаева «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi департаментiнiң ЕЦ-166/10 мекемесi» РММ қылмыстық жазасын өтеп жүрген адамдарға «Тарихтың қатал сабақтары» тақырыбындағы слайд көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырды.

25 қазандаЕлбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында экспозиция және көрме жұмысы бөлімінің маманы А. Хасенова Ақмол ауылының әкімдігінде кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында А. Хасенова слайд көрсетілімі бойынша дәріс сабағын ұйымдастырып, бағдарламаның негізгі тармақтарын ашып көрсетті.

26 қазандаэкспозиция және көрме жұмысы бөлімінің маманы А. Хасенова Назарбаев университетінде әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі қауымдастығының профессоры, Торонто саяси ғылымдар докторы, «Statutes & Decisions: The Laws of the USSR and Its Successor States» журналының редакторы Алексей Михайлович Трошевтың ұйымдастыруымен өткен іс-шарада «Memory of women – prisoners in «ALZHIR» Память о женщинах-узницах в музее «АЛЖИР» слайд көрмесі мен ағылшын тілінде дәріс сабағын ұйымдастырып, ағылшын тілінде «АЛЖИР. Возвращенная память» деректі фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды.

20-30 қазанаралығында экспозиция және көрме жұмысы бөлімінің жетекшісі Э. Аяғанова «Алаш» залында Ақмол ауылының № 5 орта мектебі оқушылары мен Ақмол ауылы «Жас-Шабыт» балалар шығармашылық орталығы балаларының салған суреттері бойынша «Қуғын-сүргін тақырыбына бала көзімен» көшпелі көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырды.

30 қазандаэкспозиция және көрме жұмысы бөлімінің жетекшісі Э. Аяғанова Ақмол ауылы № 5 орта мектебінің 2 «А» сынып оқушыларына «Зерде жаңғырығы» тақырыбында дәріс сабағын оқыды.

1-30 қарашада «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Алаш» залында «АЛЖИР» тұтқындары – беларус әйелдерінің рухына» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде 2017 жылғы шілдеде Астанаға сапары кезінде Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тапсырған беларус-әйелдерінің мұрағаттық құжаттары көрсетілді.

7 қарашада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мұражайдың экспозиция және көрме жұмысы бөлімінің жетекшісі Э. Аяғанова Ақмол ауылы № 5 орта мектебінің 8 «А» сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында Э. Аяғанова дәріс сабағын ұйымдастырып, бағдарламаның негізгі тармақтарын ашып көрсетті (18 адам).

10-17 қарашада экспозиция және көрме жұмысы бөлімінің маманы Б. Жалғасова «АЛЖИР» залында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Қазақстанның қайраткерлері мен олардың жарлары «АЛЖИР»дің тұтқындарына арналған «Ары да, жаны да жараланғандар» тақырыбында слайд көрмесін ұйымдастырды.

1-30 қарашада «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Алаш» залында «АЛЖИР» тұтқындары – белорус әйелдерінің рухына» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде 2017 жылғы маусымда Астанаға сапары кезінде Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тапсырған белорус-әйелдерінің мұрағаттық құжаттары көрсетілді.

2 қарашада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мұражай қызметкері Р. Жақсыбаева Целиноград ауданының статистика бөлімі қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында Р. Жақсыбаева слайд көрсетілімі бойынша дәріс сабағын ұйымдастырып, бағдарламаның негізгі тармақтарын ашып көрсетті

7 қарашада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мұражайдың экспозиция және көрме жұмысы бөлімінің жетекшісі Э. Аяғанова Ақмол ауылы № 5 орта мектебінің 8 «А» сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында Э. Аяғанова слайд көрсетілімі бойынша дәріс сабағын ұйымдастырып, бағдарламаның негізгі тармақтарын ашып көрсетті

10-17 қарашада экспозиция және көрме жұмысы бөлімінің маманы Б. Жалғасова «АЛЖИР» залында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Қазақстанның қайраткерлері мен олардың жарлары «АЛЖИР»дің тұтқындарына арналған «Ары да, жаны да жараланғандар» тақырыбында слайд көрмесін ұйымдастырды.

15 қарашада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мұражайдың зерттеу жұмысы бөлімінің жетекшісі Л. Әбдірахманова Ақмол ауылы № 5 орта мектебінің 10 «А» сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында Л. Әбдірахманова слайд көрсетілімі бойынша дәріс сабағын ұйымдастырып, бағдарламаның негізгі тармақтарын ашып көрсетті

15 қарашада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында директордың әкімшілік және шаруашылық жөніндегі орынбасары Қ.Т.Дүйсекеев Ақмол ауылы № 5 орта мектебінің 11 «А» сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында Қ. Дүйсекеев слайд көрсетілімі бойынша дәріс сабағын ұйымдастырып, бағдарламаның негізгі тармақтарын ашып көрсетті

17-23 қарашада экспозиция және көрме жұмысы бөлімінің маманы А. Хасенова «АЛЖИР» залында 1937-1938 жж. саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Қазақстанның қоғам және мемлекет қайраткерлеріне арналған «Ұлттың ұлы тұлғалары» тақырыбында слайд көрсетілімі бойынша көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырды

20 қараша – 4 желтоқсан аралығында экспозиция және көрме жұмысы бөлімінің маманы Г. Төлепбергенова «АЛЖИР» залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елі сүйген, елін сүйген елбасы» тақырыбында слайд көрсетілімі бойынша көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырды

24-30 қарашада Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Әмірханұлы Аманшаевтың төрағалығымен өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мәселесі бойынша хаттамасына сәйкес 2014-2017 жж. түпнұсқа мұражай жәдігерлерін қалпына келтіру қорытындысы бойынша «АЛЖИР» залында «Реставрация – жаңғырту өнері» тақырыбында слайд көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды

25 қарашада экспозиция және көрме жұмысы бөлімінің маманы С. Майлыбаева мұражай қонақтарына ХХ ғасырдың 30-40-шы жж. Қазақстанға жер аударылған халықтарға арналған «Жер аудару» тақырыбында дәріс сабағын ұйымдастырды

30 қарашада мұражай қызметкерлері Р. Жақсыбаева мен Б. Жалғасова «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi департаментiнiң ЕЦ-166/10 мекемесi» РММ қылмыстық жазасын өтеп жүрген адамдарға ақысыз түрде «АЛЖИР» тұтқындарына арналған «Біз куәлік етеміз» тақырыбында слайд көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырып және «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді

FaLang translation system by Faboba