nauchno-issledovatelskie-komandirovki-2008

Ғылыми экспедициялар

Ғылыми экспедициялар«АЛЖИР» мұражайының ғылыми-зерттеу қызметінің бір бөлігі ғылыми-іздеу мен экспедициялық жұмыстары болып табылады.

Мұражай ашылған 2007 жылы, Алматы қаласына алғашқы іс-сапар ұйымдастырылды. Іс-сапар барысында мұражай қызметкерлері «АЛЖИР» тұтқындары Уәзипа Күленова мен Мария Даниленкомен және Ілияс Жансүгіровтың балалары Саят пен Ильфамен, Қазақстанның тұңғыш банкирі Төребек Османовтың қызы Заремамен, сондай-ақ Тұрар Рысқұловтың қызы Сәулемен кездесу ұйымдастырылды.

2-9 мамыр аралығында мұражай қызметкерлері Санкт-Петербург және Калининград қалаларына іс-сапармен барып қайтты. Калининград қаласында өмірін Малиновка ауылының құрылуы мен көркеюіне арнаған Иван Иванович Шарфтың қызы Раиса Ивановнамен кездесті. Ол мұражай қорына әкесінің фотосуреттерін, мақтау қағаздарын, отбасылық фотоальбомын, әкесінің өмірі мен қызметіне байланысты фильмдер мен оның жеке заттарын тапсырды.

В Санкт-Петербургте Ресей саяси тарихы мұражайының, Ресей Ұлттық кітапханасы «Қайтарылған есімдер» «Ленинград мартирологы» орталықтарының, «Мемориал» қоғамының қызметкерлерімен, сонымен қатар саяси қуғын-сүргін және Қазақстанға жер аударылғандармен кездесу ұйымдастырылды.

30 маусым-4 шілде аралығында мұражай қызметкерлері Алматы қаласына барып қайтты. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және Алматы қаласы тарихы мұражайларының қызметкерлері, сонымен қатар саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары мұражай қорына «АЛЖИР» тұтқындарының архивтік фото және құжатты материалдарды тапсырды.

FaLang translation system by Faboba