Посетители музея 2010г

4 тамызда мұражайға халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов келді.

20 қыркүйекте мұражайға «Әлем экологтары» конференциясының делегация өкілдері келді.

22 қыркүйекте мұражайға «Астана» Халықаралық әйелдер клубының өкілдері келді.

23 қыркүйекте «Современный суицидный терроризм: происхождения, тенденции и пути предотвращения» атты НАТО ұйымдастырған Халықаралық конференция өкілдері, шетел елшілерінің өкілдері келді.

15 қазанда мұражайға Әзірбайжан Төтенше және Өкілетті елшісі Закир Гариф-оғлы Гашимов келді.

19 қазанда мұражайға «Родина» журналының Бас директоры В.В. Зубкевич келді.

21 қазанда мұражайға «TOR» кинокомпаниясының режиссеры, «Подарок Сталину» фильмінің продюсеры Кристоф Занусси келді.

21 қазанда мұражайға «АЛЖИР» тұтқыны Анна Карловна Мирцхулаваның ұрпағы Сергей Кантере келді.

5 қарашада мұражайға Қазақстан Республикасындағы Украина Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Олег Алексеевич Демин келді.

7 қарашада мұражайға атақты пианист, , Батыс Еуропа мен Америкаға танылған поляк музыканттарының бірі Адам Маковичь келді.

11 қарашада мұражайға Қазақстан Республикасындағы Уругвай елшілігінің өкілдері келді.

16 қарашада мұражайға «ГУЛАГ» балалары» фильмінің режиссері Лионель Жанкиргезстель мен фильмінің авторы Мадина Джусаева келді.

19 қарашада мұражайға Ресей жазушылар одағының хатшысы П. Гужоков келді.

Астана қаласында өткен ОБСЕ Саммиты қарсаңында және Саммит күндері «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Литва Президенті Даля Грибаускайте ханым, Венгрия Президенті Пал Шмитт мырза, Қазақстан Республикасындағы Венгрия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Имре Ласлоцки мырза, Швеция Корольдығының сыртқы істер министрі Карл Бильт мырзаның басшылығымен Швеция Корольдығының делегациясы сияқты шетел қонақтары келді.

FaLang translation system by Faboba