Посетители музея 2017г

5 қаңтарда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасындағы Әзірбайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Рашад Эйнаддин оглы Маммадов пен  1937 жылы  саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Али Ахмедбекұлы мен  Афрус Юсипқызы Алибековтердің немересі Ибрагимов Бахтияр келді. Кездесу барысында Рашад Эйнаддин оглы Маммадов мырза Әзірбайжанда тұратын саяси қуғын-сүргін ұрпақтарымен байланыс орнатуға қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Сонымен қатар Ибрагимов Бахтияр отбасылық мұрағатындағы атасы мен әжесінің фотосуреттерін мұражай қорына тапсырмақ ойы барын айтты.

11 қаңтарда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне қазақтың тұңғыш режиссері, драматург, қазақ кәсіби театр өнерінің қалаушыларының бірі, 1938 жылдың 26 ақпанында тұтқындалып, ату жазасына кесілген Жұмат Тұрғынбайұлы мен оның жұбайы «АЛЖИР»-дің бұрынғы тұтқыны, алғашқы қазақ актрисаларының бірі Жанбике Құттымдетқызы Шаниндердің ұрпағы Жанат Шанина келді.

18 қаңтарда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Францияның және Қазақстанның жас ұрпақтарының арасында достық пен жеке қарым-қатынасты орнату мен франко-қазақстандық мәдени байланыстарды және тілдерді үйрену, мектеп шеңберіндегі тәжірибе алмасу мақсатында Франциядағы Сен-Сир Әскери лицейінің оқытушылары мен оқушылары, Астана қаласы Ақан Құрманов атындағы № 17 мектеп-гимназиясының оқушылары, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы Франция елшілігінің өкілдері келді.

26 қаңтарда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне кино және театр актері Ғани Абдуалиұлы Құлжанов келді.

6 ақпанда« АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Канададан, Ресейден, Кореядан, АҚШ-нан, Франция және Германиядан Астаналық клуб отырысының қатысушылары келді (12 адам). Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.

Сонымен қатар, 6 ақпанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне республиканың әр түрлі қалаларынан Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің қызметкерлері келді.

13 ақпанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне мемлекеттік бағдарлама аясында ұйымдастырылған экстремизм және терроризмге қарсы күрес іс-шарасына, Астана қаласындағы Горький атындағы Мемлекеттік Академиялық театрындағы спектакльдің қоюшы-режиссері ретінде шыққан Тәжікстанның еңбек сіңірген әртісі, режиссер, К. Лавров сыйлығының иегері Барзу Абдуразаков келді.

18 ақпанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «АЛЖИР» тұтқыны Хана Самойловна Мартинсонның немересі Назарбаев университетінің оқытушысы, биология кафедрасының профессоры Иван Андреевич Воробьев келді.

14 наурызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасындағы Венгрия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Андраш Барани келді. Сонымен қатар ол саяси қуғын-сүргін тарихынан алған әсерін пікір кітабына жазып қалдырды.

16 наурызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Великобританиядағы Эксетер университетінің оқытушысы Нелли Эдуардовна Бекус пен философия ғылымдарының докторы, гуманитарлық зерттеулер және білім беру технологиялары ғылыми-зерттеу орталығының директоры Айнұр Қанапияқызы Әбдина келді.

21 наурызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «Сәби бақыты» Қоғамдық қорының қолдауымен «Шекарасыз балалық шақ» бағдарламасы аясында Алматы қаласындағы «Жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынан айырылған балаларға арналған № 1 балалар үйі» КММ балалары келді (27 адам). Балаларға ақысыз түрде «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. «Сәби бақыты» Қоғамдық қорының президенті А.Р. Мамедова мұражай ұжымына алғысын білдіріп және мұражай директоры Мейрамбай Әскербайұлы Ораловқа жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынан айырылған балалардың өмірлеріне елеулі үлес қосқаны үшін алғыс хат табыстады.

23 наурызда Наурыз мейрамына арналған іс-шараларға қатысу мақсатында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің № 2026 әскери бөлімінің мерзімдік қызметтегі әскери қызметкерлері келді.

12 сәуірде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Венгриядағы Орталық Еуропа университетінің гендерлік зерттеу магистранты – Райхан Сатымбекова саяси қуғын-сүргін, соның ішінде «АЛЖИР» лагерінің тарихын халықаралық дәрежеде зерттеу мақсатында келді. Берілген ақпарат диссертациялық жұмысты жазу негізінде пайдаланып, ағылшын тіліне аударылады.

17 сәуірде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Владимир Карпович Божко отбасымен келді.

24 сәуірде Қазақстанның көрікті жерлерімен танысу мақсатында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Таллин қаласы (Эстония Республикасы) орта мектебінің 11 сынып оқушылары келді.

26, 28 сәуірде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Целиноград ауданы Ақмол ауылына су тасқынын жою үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қызметінің № 52859 әскери бөлімінің мерзімдік қызметтегі әскери қызметкерлері келді.

28 сәуірде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Мәскеу және Санкт-Петербургтен Орыс Географиялық қоғамының мүшелері келді. Қазақстанға сапарының мақсаты – Орта Азиядағы ландшафт пен «АЛЖИР» лагері тарихын зерттеу. Қонақтарға мұражайдан естелік ретінде буклеттер және мұражай кешенінің негізгі және ғылыми-көпшілік қорларындағы материалдар бойынша жинақталған «Елбасының бастамасымен ашылған еді» каталогы сыйға берілді.

17 мамырда «АЛЖИР» лагерінің тұтқындары жерленген жерге армян ұлтты әйелдеріне ескерткішті орнату мақсатында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстандағы Армения елшісі Ара Саакянның бастамасымен Армениядан, Ресейден және Эстониядан делегациялар келді.

20 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне ақысыз түрде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзетінің «Айбын» Президенттік полкі № 0112 әскери бөлімінің әскери қызметшілері келді.

25 мамырда 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне жұмыс сапарымен Ақмола облысының әкімі Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин келді.

27 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне ақысыз түрде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі С.К. Нұрмағанбетов атындағы Республикалық «Жас Ұлан» РММ мектебінің тәрбиеленушілері келді.

28 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне ақысыз түрде «Ана үйі» қайырымдылық жобасының тұрғындары келді. Олардың басты мақсаты – жаңа туған баладан анасының бас тартуын және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу.

30 мамырда Тәуелсіздік үшін күрескен кәрістер туралы ақпаратты жинау мақсатында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Кәріс Тәуелсіздік мемориалының қызметкерлері келді. Қонақтарға мұражай қорынан ұлты кәріс, Карлаг тұтқыны, Хван Унденнің фотосуреттерінің көшірмелерін берді.

15 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Польша Республикасының сенаторы, халықаралық диалог мәселелері бойынша өкілі, Польша Республикасының Премьер-министрі Канцеляриясының мемлекеттік хатшысы Анна-Мария Андерстің бастамасымен поляк делегациясы келді. Қонаққа мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды. Помнят потомки» атты балаларының естеліктер жинағы табыс етілді. Экскурсия соңында Анна-Мария ханым саяси қуғын-сүргін тарихынан алған әсерін пікір кітабына жазып қалдырды. Қонақтар Зерде қабырғасында поляк ұлтты әйелдеріне гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.

16 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасына сапары аясында Швеция Корольдігі Парламентінің делегациясы келді. Делегация құрамында: Швеция Парламентінің спикері – Урбан Алин, Швеция Парламентінің бас хатшысы – Катрин Флоссинг, Қазақстан Республикасындағы Швеция Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі – Христиан Камилл және Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Владимир Карпович Божко болды. Экскурсия соңында Алин мырза саяси қуғын-сүргін тарихынан алған әсерін пікір кітабына жазып қалдырды.

19 маусымда Астанада өткен «Сахнадан Сәлем!» атты IV Халықаралық театрлар фестивалі аясында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне орыс ақыны, композитор, драматург, сценарист, бард, әдеби және музыкалық сыйлықтың иегері, «АЛЖИР» тұтқыны Нина Валентиновна Всесвятскаяның ұлы Юлий Черсанович Ким, сонымен қатар, телеарнаның әйгілі жүргізушісі, бард, көптеген фестивальдердегі әндердің авторы, «Что? Где? Когда?» ойынының иегері, журналист және жазушы Борис Оскарович Бурда келді.

9 шілдеде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «АЛЖИР» тұтқыны Ксения Трофимовна Чупряеваның немересі Игорь Витальевич Демченко келді. Игорь Витальевич мұражай қорына өзінің жеке мұрағатының фотосуреттері мен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен «АЛЖИР» тұтқындарының электрондық базасын толықтыру үшін әжесінің өмірі туралы естелік жазбаларын тапсырмақ ойы барын айтты.

10 шілдеде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Латвия президенті Раймондс Вейонис келді. Экскурсия соңында Вейонис мырза саяси қуғын-сүргін тарихынан алған әсерін пікір кітабына жазып қалдырды. Қонаққа мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты балаларының естеліктер жинағы табыс етілді.

17 шілдеде "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешеніне Чехия Сенатының спикері Милан Штех келді. Экскурсия соңында Штех мырза саяси қуғын-сүргін тарихынан алған әсерін пікір кітабына жазып қалдырды. Қонаққа мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты балаларының естеліктер жинағы табыс етілді.

26 шілдеде "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешеніне 1962 жылдан бастап Халықаралық ЕХРО көрмелерінің және Қазақстан Республикасында өтіп жатқан «ЕХРО – 2017» көрмесінің қатысушысы, АҚШ Калифорния штатының тұрғыны Рональд Скайлз келді.

1 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне 1937-1938 жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Сұлтанбек пен Гүләндам Қожановтардың ұрпақтары келді. Олар мұражай қорына әжесі «АЛЖИР» тұтқыны Гүләндам Қожанованың өмірінің соңғы жылдары киген камзолын тапсырды.

2 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Астана қаласының Әскери-техникалық мектебі – жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу орталығының бас директоры Владимир Александрович Шацков келді. Экскурсия соңында Владимир Александрович мұражай директоры Мейрамбай Әскербайұлы Ораловтың атына «Қол жеткізген жетістіктері үшін» медалін тапсырды.

3 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «Хабар» телеарнасындағы «Отбасылық саяхат» телебағдарламасының қатысушылары, Семей қаласынан үлгілі отбасы келді.

3 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Үндістан Республикасынан делегация келді. Делегация құрамында әскери бас қолбасшысының жұбайы Мадхулика Рават, әскери бригада генералының жұбайы Сандип Сохи және әскери Атташесінің жұбайы Гиитика Лиддер.

17 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Парламентінің ынтымақтастығы бойынша тобының басшысы Но Ун Рэ-нің бастамасымен Корея Республикасынан делегация келді. Делегация құрамында Корея Республикасы басқаратын партиясының депутаттары, «Свободная Корея» партиясының депутаттары және КORAIL Корея ұлттық теміржол корпорациясының өкілдері.

22 тамызда «АЛЖИР» мұражайына 1938 жылдың 7 шілдесінде НКВД жанындағы Ерекше Кеңесінің шешімімен Отанын сатқандардың отбасы мүшесі ретінде 5 жылға сотталған, «АЛЖИР»-дің бұрынғы тұтқыны Софья Михайловна Атарбекованың немересі, американың әйгілі дирижері, пианист Константин Гарриевич Орбелян және оның досы Армения Республикасының халық әртісі және опера әншісі Барсег Робертович Туманян келді.

24 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Анджей Скшидло келді. Қонақтар мұражайға 6-9 қыркүйек аралығында Польша Республикасы Президентінің келуіне орай келген.

25 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Беларусь Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы Наталья Ивановна Качанова мен Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Иванович Ничкасовтың бастамасымен Беларусь Республикасынан делегация келді.

28 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне неміс ұлтының Қазақстанға жер аударылғанына 75 жыл толуына орай «Астана қаласы мен Ақмола облысы «Видергебурт» немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері келді.

28 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне 2018 жылы 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Израильде өтетін саяси қуғын-сүргін ұрпақтар кездесуіне «АЛЖИР» мұражайы қызметкерлерінің қатысуын қамтамасыз ету мақсатында Израильден режиссер, саяси қуғын-сүргін тақырыбындағы деректі фильмдердің авторы Сергей Шафир келді. Ол мұражай қорына «Расстрельные списки» кітабын тапсырды.

31 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Тайланд корольдігінен Мәдениет министрлігінің делегациясы келді. Делегация құрамында Мәдениет министрі – Вира Роджподжчанарат, Мәдениет министрінің хатшысы Прапор Лаованиш, Әсем өнер департаментінің экс-бас директоры Сувит Расмибхути және т.б.

6 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Астанаға ресми сапар аясында Польша Республикасының президенті Анджей Себастьян Дуда жұбайы Агата Корнхаусермен келді. Қонақтарды «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің директоры Мейрамбай Әскербайұлы Оралов қарсы алды. Оларға экспозиция және көрме бөлімінің маманы С.Майлыбаева мұражай аумағында орналасқан экспозициялары бойынша экскурсия өткізді. Экскурсия барысында Анджей Себастьян Дуда поляк тұтқын-әйелдерінің ескерткіш белгісіне гүл шоқтарын қойды. Экскурсия соңында Анджей Себастьян Дуда мен жұбайы Агата Корнхаусер-Дуда саяси қуғын-сүргін тарихын сақтағаны үшін қызметкерлерге алғыстарын білдіріп, өткенді есте сақтау, оларды құрметтеу және жаңа қайғы қасіретті болдырмауы туралы пікір кітабына жазып қалдырды. Қонақтарға мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді. Сонымен қатар, Польша Республикасының президенті Анджей Себастьян Дуда мұражай қорына «Столица-несломленная историческая патриотическая современная Варшава» атты кітабын сыйға тапсырды. Сондай-ақ, Польшаның «TVР» 1 арнасы Астанаға ресми сапар аясында Польша Республикасының президенті Анджей Себастьян Дуданың келгенін жариялады. Репортаж 2017 жылғы 7 қыркүйекте эфирге шықты.

15 қыркүйекте Астанаға ресми сапар аясында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Мәскеу қаласының үкімет өкілдері делегациясы келді. Делегация құрамында көтерме сауда азық-түлік кешені ұйымдарының өкілдері, сауда саласындағы ірі желілік және нарықтарды басқаратын компаниялар болды.

16 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі С.К. Нұрмағанбетов атындағы Республикалық «Жас Ұлан» РММ мектебінің жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынан айырылған, көп балалы және толық емес отбасынан шыққан тәрбиеленуші балалар келді.

19 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Ақмола облысының имамдары келді.

20 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің ТМД шекаралық және өзге де ведомстволарының лауазымды тұлғаларының кеңес қатысушары келді.

24 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Астана қаласындағы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің ардагерлер кеңесінің мүшелері келді.

9 қазанда«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамының мүшесі, 1938 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ағартушы, ғалым Қоңырқожа Қожықовтың немересі Сәуле Құлахметқызы Қожықова келді. Сәуле Құлахметқызы 2017 жылдың 29 мамырында Астана қаласы әкімдігі мен «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені ұйымдастырған «Ұрпақтар ұмытпайды» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Дочери Лапины – узницы «АЛЖИРа» тақырыбындағы баяндамасын оқыды. Сапар барысында Сәуле Құлахметқызына оның мақаласы енген Астана қаласының әкімдігі мен «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені шығарған мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.

14 қазанда«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi департаментiнiң ЕЦ-166/22 мекемесi» РММ қылмыстық жазасын өтеп жүргендер келді.

17 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «АЛЖИР» лагерінде отырған еврей тұтқын-әйелдеріне мұражай аумағында ескерткіш тақтасын орнату мәселесін қарастыру мақсатында Қазақстан Республиксындағы Израиль Мемлекетінің Төтенше жəне өкілетті елшісі Михаил Бродский келді.

18 қазанда«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Серікқазыұлы Уәлиев келді.

25 қазанда«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Ингушетия Республикасының мұрағаттанушылары мен ғалымдары келді. Солардың қатарында Магомед Картаев және саясаттанушы, ұлттық саясат, баспа және ақпаратының сыртқы байланыстар Министрінің орынбасары, «Спецпереселенцы. История массовых политических репрессий и депортация ингушей в ХХ веке» монографиясының авторы Лейла Якубовна Арапханова келді.

26 қазанда«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Астана қаласында 2017 жылдың 25 қазан – 1 қараша аралығында «Жастар» театрының 10 жылдығына мен көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Нұрқанат Жақыпбайдың 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Жанарымдағы жалғыз әуен» қалалық театрланған фестивалінің қонақтары келді.

FaLang translation system by Faboba