Мұражайдың баспасөз қызметі

ТМД елдері мен Қазақстан қалалары бойынша ғылыми экспедициялар барысында 13 мыңнан астам жинақталған материалдар негізінде журналдар, кітаптар, «АЛЖИР» тұтқындары мен олардың ұрпақтарының естеліктер жинақтары жарыққа шықты.

2014 жылдың мамырында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «АЛЖИР» тұтқындары мен олардың балаларының «Algir. Qorqinisti tustey…. Kak strashnyi son….»атты естеліктер жинақ кітабын шығарды. 5 бөлімнен тұратын жинаққа «АЛЖИР». Естеліктері; «Алжирліктердің» естеліктерінен; «Алжирліктердің» ұрпақтарының естеліктерінен; БАҚ «АЛЖИР» туралы; Мұражай қызметкерлері «АЛЖИР» туралы. Естеліктер жинағы негізгі және ғылыми-көпшілік қорлардың негізінде таңдаулы мақалалар, халықтың басынан кешірген зобалаң уақыт куәгерлерінің естеліктері кірді. Ақмола лагері тұтқындары Г. Майлина, Г. Қожанова, Г. Серебрякова, З. Тналина, Л. Русланова, Д. Жүргенева, Р. Плисецкая, У. Күленова, Е. Тухачевская, Л. Головнялардың айтқан әңгімелері.

2012 жылы 2012 жылы Астананың 15-жылдық мерей тойына қарсы, мұражай қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу жұмысы кезінде жинақталған материалдардан «Елбасының бастамасымен ашылған еді» атты бірінші каталогы жарық көрді. Каталог «Алаш және қазақ зиялылары», «АЛЖИР» лагері тарихынан», «Гулаг-тың балалары», «Халықтарды жер аудару», «30-жылдардағы ашаршылық», «Азаттықтың азапты жолы» бөлімдерінен тұрады.

2010 жылдың мамырында мұражай ұжымы «АЛЖИР» - тарих пен тағдырлар» мәдени-ағарту журналын шығарды.

2011 жылы, мұражай Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай «ALAZH-ALZHIR» екітомдық кітабын шығарды.

Кітаптың «Алаш» атты 1-ші томына қазақ мемлекеттілігінің тарихы, еліміздің мемлекет және қоғам қайраткерлерінің алғашқы толқынының көрнекті өкілдері-«Алашорда» партиясының, тәуелсіз және біртұтас Түркістан идеясының көшбасшылары туралы материалдар енгізілді.

Сонымен қатар «Алаш – АЛЖИР» атты жаңа жинақтың 2-ші томы мұражайдың 5 жылдық мерейтойына орайластырылған, оған мұрағаттық құжаттарды жүйелі зерделеген ғылыми-зерттеу мақалалары, сондай-ақ, бұрынғы лагерь тұтқындары және олардың ұрпақтарымен болған кездесулер, көзі тірі куәгерлердің естеліктері мен фотоқұжаттары енгізілген.

2010 жылдың мамырында Қазақстан халқы ассамблеясы мен ТМД мемлекеттері қатысушыларының Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен «Тағдырларды біріктірген Қазақстан» кітабы жарыққа шықты.

Кітапқа бұрынғы Кеңестер Одағы кеңістігіндегі 30-50-шы жылдардағы кеңестік қоғамында орын алған қайғылы оқиғаларды баяндайтын «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің бірегей материалдары мен құжаттары енгізілген.

FaLang translation system by Faboba

Экскурсияға тапсырысты рәсімдеу

Жұмыс уақыты:

Дүйсенбi Демалыс
Сейсенбi 9.00-18.00 дейін
Сәрсенбi 9.00-18.00 дейін
Бейсенбi 9.00-18.00 дейін
Жұма 9.00-18.00 дейін
Сенбi 9.00-18.00 дейін
Жексенбi 9.00-18.00 дейін