ШВЕДКИ

 

  1. АЛЕКСАНДРОВА-ПЕТЕРСОН Холда-Евгения Ивановна, по-национальности – шведка. Родилась в 1898 г., губ. Оптиямб, Швеция, жила в Москве, Сущевский вал, д.14/42, кв.68. Приговорена 21.11.1937 г. ОСО при НКВД СССР как ЧСИР к 8 годам ИТЛ. Прибыла в Карлаг 20.08.1941 г. из Сегежлага. Освобождена 12.11.1945 г.
FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнінде мұражайдың экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің мамандары А. Хасенова мен Б. Саханова «АЛЖИР» және «Зерде» залдарында мұражай келушілеріне  «АЛЖИР-дегі сәбилер» слайд көрмесі мен «Біз ана алақанын сағындық» дәріс сабағын ұйымдастырды. Көрмеге «АЛЖИР» тұтқындары Әзиза Исенғұлованың балалары Сәуле мен Риданың, Фатима Османованың қыздары Зарема мен Айткүлдің, Күлжамал Майлинаның балалары Еділ, Мереке және Рәзияның, Анна Каганның балалары Феликс пен Владимирдың, Ирина Шубрикованың балалары Искра, Майя және Владимирдың, Зина Ахметованың қызы Азалияның, Зүфнұн Нұрмақованың балалары Ноян мен Тамараның, Хана Мартинсонның балалары Мартин және Иннаның, сондай-ақ Кира Андроникошвилидің баласы Борис пен Нина Всесвятскаяның балалары Юлий және Алиналардың фотосуреттері мен аналарына жазған хаттары ұсынылды. Сондай-ақ, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Әлихан Бөкейхановтың қызы Елизавета Сәдуақасовамен ұлы Үкітайдың және  қуғын-сүргін құрбаны, Алаш қайраткері, қазақтың жазушысы Қошке Кемеңгеровтің балалары Нартай, Сәуле мен Зайралардың хаттары мен фотосуреттері көрсетілді. Көрме және дәріспен 20 адам танысты.  

1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнінде «АЛЖИР» мұражайы мамандарының балалары мұражайдың аумағында асфальтқа түрлі-түсті бормен  сурет салды, ермексаздардан мүсіндер және қағаздардан аппликациялар жасады, сонымен қатар ойындар ойнатылды. Іс-шара соңында мерекеге қатысқан балаларға тәттілер таратылды. 

5 маусымда ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай мұражайдың экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы Ә. Ескендірова «Зерде» залында мұражай келушілеріне «Мемлекеттік рәміздер - менің мақтанышым» дәріс сабағын ұйымдастырды.

5 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені мен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты арасында жасалған еңбек ынтымақтастық туралы келісім шарт аясында институттың қызметкерлері мұражай қорындағы «АЛЖИР» тұтқындарына қатысты мұрағаттық құжаттармен танысып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Олар зерттеу жұмыстары барысында мұражай қорына институт шығарған 22 кітапты тапсырды.

6 маусымда экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің мамандары Р. Жақсыбаева мен Б. Жалғасова «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi департаментiнiң ЕЦ-166/10 мекемесi» РММ қылмыстық жазасын өтеп жүрген адамдарға  «Ұрпақтар ұмытпайды» тақырыбындағы слайд көрмесін, дәріс сабағын және  «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды.

11 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің қызметкерлері әріптестермен тәжірибе алмасу мақсатында Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайына барып, экспозициялармен танысты. Сапар барысында мұражай қызметкерлері саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, «Мамочкино моласы»-на барып, «АЛЖИР» тұтқындары мен балаларына арнап құран бағыштады.

4-15 маусым аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің қызметкерлері «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту семинарына қатысты. Семинар соңында қызметкерлер сертификатпен марапатталды.   

12 маусымда экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы Г. Төлепбергенова «АЛЖИР» залында мұражай келушілеріне 1938 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, қазақтан шыққан тұңғыш банкир, несие жүйесін негізін қалаушылардың бірі, Төребек Османовтың туғанына 125-жыл толуына орай «Төребек Османов – Қазақстанның тұңғыш банкирі» тақырыбындағы слайд көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырып, Төребек Османовтың өмірі мен қызметі, жұбайы Фатима Қалмұхамедқызы Отанын сатқандардың отбасы мүшесі ретінде 8 жылға тұтқындалғаны, балалары Айткүл, Лаура, Зарема балалар үйіне жөнелтілгені туралы баяндап берді. Көрмеде отбасылық фотосуреттер мен мұрағаттық құжаттар ұсынылды. Көрмемен 20 адам танысты.

12-16 маусым аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің директоры Самат Ілиясұлы Тергембаев Алматы қаласы тарихының музейі суретші, жазушы Жұмат Әнесұлымен бірлесіп  ұйымдастырған «Алматы және оның аңыз тұлғалары» тақырыбындағы жеке көрмесі мен дөңгелек үстелге қатысты.

12 маусымда «Тюменское время» телеарнасының журналисі Карина Закирьянова Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай түсіріп жатқан «Самая красивая деревня» деректі фильмі бойынша  мұражайдың экспозицияларына бейнетүсірілім жасады. Фильмнің түсіріліміне мұражай қызметкерлері Р. Жақсыбаева мен С. Майлыбаева қатысып, «АЛЖИР» лагерінің тарихы мен мұражайдың қызметі туралы айтып берді.

Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалды кешені МКҚК басып шығарған 2018 жылы № 3 (35) мамыр-маусым айындағы «Астана мәдениеті. Культурная Астана» журналының бас редакторы Айдана Сегізбаеваға мұражай директоры Самат Ілиясұлы Тергембаевтың берген сұхбаты және «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, сонымен қатар Астананың 20-жылдығы мен Павлодар облысының 80-жылдығына орай Павел Васильевтің мұражай-үйі мен «АЛЖИР» мұражайы бірлесіп ұйымдастырған «Трагическая судьба поэта» көрмесі туралы мақаласы шықты.

20 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне  Польшаның күштік құрылымдар делегациясы келді.  Делегация құрамында Польша Республикасы Ұлттық қауіпсіздік бюросының басшысы, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Павел Солох, Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Селим Хазбиевич, Ұлттық қауіпсіздік Бюросы әскерлері қолбасшылығы Департаментінің директоры Ярослав Крашевски, Ұлттық қауіпсіздік Бюросы стратегиялық талдау департаментінің директоры Петр Влодарски және т.б. (8 адам) болды. Қонақтарға ақысыз түрде мұражай аумағында орналасқан экспозициялар мен «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Мұражай директоры Самат Ілиясұлы Тергембаев келген қонақтарға алғысын білдіріп, мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты балаларының естеліктер жинағын сыйға тартты. Экскурсия соңында қонақтар мұражайға естелік кәдесыйын табыстап, пікір кітабына саяси қуғын-сүргін тарихынан  алған әсерін жазып қалдырды.  

20 маусымда зерттеу жұмысы бөлімінің маманы С. Майлыбаева «Зерде» залында мұражай келушілеріне Қазақстанның еңбегі сіңген дәрігері, Отанын сатқандардың отбасы мүшесі ретінде 5 жылға тұтқындалған Мағрифа Мырзағұлқызының туғанына 115 жыл толуына орай «АЛЖИР» тұтқыны - Мағрифа Қазбекова» тақырыбындағы дәріс сабағын ұйымдастырды. Күйеуі Ысмағұл Қазбековтың 1938 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшырағаны, қазақ жер шаруашылық институтының тұқым шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарғаны және олардың балалары туралы айтып берді. Дәрісті 13 адам тыңдады.

20 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің қызметкерлері «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде Астана қаласы бойынша мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі департаментінің қызметкері Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырған дәріске қатысты.

21 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, Елордамыз Астана қаласының 20-жылдығына орай 16-29 маусым аралығында өтіп жатқан ІІ Дүниежүзілік Астана театр фестивалінің қатысушылары келді. Франция, Литва, Ұлыбританиядан келген қонақтарға ақысыз түрде «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.  

26 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Біріккен Араб Әмірліктері мемлекетінен делегация келді. Делегация құрамында әскери-тарихи мұражайының директоры, полковник Саид Хамад Алькалбани, сержант Маджид Джума Омар Альмаазме және қызметші Балкис Фли Жасим және т.б. келді. Қонақтарға ақысыз түрде «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.  

27 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, КСРО және  ҚазКСР халық артисі Асанәлі Әшімов келді. Қонаққа «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия және «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылып,  мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты балаларыныңестеліктер жинағын сыйға берілді. Экскурсия соңында Асанәлі Әшімов пікір кітабына саяси қуғын-сүргін тарихынан  алған әсерін жазып қалдырды.  

27 маусымда экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы Б. Жалғасова «Алаш» залында мұражай келушілеріне 1938 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, қазақтың ақыны, көсемсөзші, оқытушы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Мағжан Жұмабаевтың қайғылы тағдыры» тақырыбындағы дәріс сабағын ұйымдастырып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді.

1-11 шілде аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Алаш» залында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында, Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына арналған «Тарихы терең Астана» тақырыбындағы көшпелі көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды. Көрмеде мұражай қорында бұрынғы Ақмоланың 60-80 жылдарындағы ақ-қара және түрлі-түсті фотосуреттері ұсынылды. Көрменің өткізудегі мақсаты – келушілерді тәуелсіз Қазақтан астанасының тарихымен таныстыру.




Памятные плиты, посвященные узницам «АЛЖИРа»

Личности в истории лагеря

Уникальные экспонаты

Экскурсияға тапсырысты рәсімдеу

Жұмыс уақыты:

Дүйсенбi Демалыс
Сейсенбi 9.00-18.00 дейін
Сәрсенбi 9.00-18.00 дейін
Бейсенбi 9.00-18.00 дейін
Жұма 9.00-18.00 дейін
Сенбi 9.00-18.00 дейін
Жексенбi 9.00-18.00 дейін