
2016 жылдың тамыз айында «Аmanat- АLZHIR»Қоғамдық қоры құрылды.
«Amanat-ALZHIR» Қоғамдық қоры коммерциялық емес, қайырымдылық ұйым болып табылады.
Қордың басшысы болып «АЛЖИР» мұражайының негізін құрушыларының бірі, Раиса Рамазановна Жақсыбаева тағайындалды.
Қордың негізгі мақсаттары – саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау бойынша шараларды ұйымдастыру және қатысу, тарихи мұраны сақтау және дамыту; саяси қуғын-сүргін тақырыбындағы шығармаларды жинақтау, зерделеу және жариялау; саяси қуғын-сүргін тарихы мен мәдениетін дамыту мәселелері бойынша ғылыми-практикалық, шығармашылық, оқу теориялық конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, қуғын-сүргін ұрпақтарымен кездесу өткізу; саяси қуғын-сүргін тақырыбын зерттеуде және насихаттауда шығармашылық ұйымдарға, оқу орындарына, және жеке тұлғаларға жәрдемдесу, баспалық, театр, кинематография, теле- және радио тарату қызметтері арқылы, «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің қызметін насихаттау, танымал ету және т.б.
Біздің деректемелеріміз:
БСН: 160840006950
Есепшот:KZ378562203101437738 в валюте KZT
Есепшот:KZ418562203201455821 в валюте EUR
Есепшот:KZ358562203301455830 в валюте RUB
Есепшот:KZ428562203201455803 в валюте USD
Банктің БСК: KCJBKZKX
АҚ «Банк Центр Кредит»
Кбе 18
Тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік\Лицензия №1010016704987 19.09.16 ж. берген мекеме ҚР ӘМ
Қордың мекенжайы: Ақмола обл., Целиноград ауданы; Ақмол а., Линейная к., строение 2Б
(«АЛЖИР» Мемориалды мұражай кешенінің» ғимаратында)