«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Тәжікстан Республикасы Қорғаныс министрлігі делегациясы келді

28 наурыз күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Тәжікстан Республикасы Қорғаныс министрлігі делегациясы келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» мұражай залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді, сондай-ақ мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты саяси қуғын-сүргін құрбандары балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.

FaLang translation system by Faboba