2011 жылғы 15 мамырда мұражай аумағында Украина, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Польша және Ресей елшіліктері өкілдерінің қатысуымен украин ұлтының тұтқын-әйелдеріне арналған Ескерткіш белгінің ресми ашылуы өтті.
2011 жылғы 15 мамырда мұражай аумағында Украина, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Польша және Ресей елшіліктері өкілдерінің қатысуымен украин ұлтының тұтқын-әйелдеріне арналған Ескерткіш белгінің ресми ашылуы өтті.

24 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің аумағында Қазақстан Республикасындағы Израиль мемлекетінің Елшілігі 1938-1953 жж. «АЛЖИР» лагерінде мерзімін өтеген еврей әйелдеріне арналған ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуы өткізілді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы және Израиль мемлекетінің мемлекеттік әнұрандары орындалды. «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің директоры Самат Ілиясұлы Тергембаев кіріспе сөз сөйледі. Қазақстан Республикасындағы Израиль мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаэль Бродский мырза 30-50-шы жж. саяси қуғын-сүргіннің жазықсыз жапа шеккен құрбандары рухының құрметіне сөз сөйледі. Астана қаласының бас раввині Шмуэль Карнаух дұға оқыды. Сонымен қатар, ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасындағы Грузия мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Зураб Абашидзе және Қазақстан Республикасындағы Аустрияның Төтенше және Өкілетті Елшісі  Герхард Сайллер қатысты.

Сонымен қатар, ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына   қазақстандық кинорежиссер, 20 жылдай «Қазақфильм» киностудиясында қызмет атқарған, қазіргі уақытта Израильде тұрып жатқан Сергей Иосифович Шафир қатысты. Іс-шара барысында ескерткіш белгісіне гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді және «АЛЖИР» тұтқындарын еске алу құрметіне 1 минут үнсіздік жарияланды. Ақмола бөлімшесіндегі Қарлагта барлығы 855 еврей әйелдері жазасын өтеген.

Іс-шара ХХ ғасырдың 30-50-шы жылдардағы қайғылы қасірет пен оқиғаларды есте сақтап, тоталитарлық жүйенің жазықсыз жапа шеккен құрбандарына қатысты әділеттілікті бұрынғыдай қалпына келтіру, өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттық сезімге және адагершілікке тәрбиелеу, мұражай қызметін насихаттауға бағытталған.

Іс-шара соңында шақырылған қонақтарға мұражай залдары бойынша экскурсия жүргізілді.

Сонымен қатар М. Бродский мырза саяси қуғын-сүргін тарихынан  алған әсерлерін пікір кітабына жазып қалдырды.

FaLang translation system by Faboba