2017 жылғы маусым айындағы іс-шаралар жоспары
  • 1-4 маусым мұражайда «Біз ана алақанын сағындық» дәрісі (Халықаралық балаларды қорғау күніне орай) оқылады.
  • 2-12 маусым мұражайда «Туыс – намыс, ұраным – бірлік, рәміздерім – мақтанышым» слайд көрмесі (ҚР рәміздер күніне орай) ұйымдастырылады.
  • 2-12 маусым мұражайда «Мемлекеттік рәміздер - менің мақтанышым» дәрісі оқылады.
  • 7 маусым-қыркүйек мұражай «АЛАШ» залында «Ұрпақтар есінде» көрмесі («ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында, қонақтар үшін) ұйымдастырылады.
  • 27 маусым-10 шілде мұражайда «Астана – балалар көзімен» тақырыбындағы слайд көрмесі (Мұражай педагогикасы аясында, Ақмол ауылының № 5 орта мектебі оқушыларының, көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балаларының, сонымен қатар Целиноград ауданының ІІ аудандық бөлімінің есебінде тұрған балалардың салған суреттері бойынша) ұйымдастырылады.
  • FaLang translation system by Faboba