vzaimodejstvie-so-smi-2017

Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара жұмыс

21 ақпанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде 1 наурыз – Қазақстан Республикасының Алғыс айту күніне орай «АЛЖИР» тұтқын-әйелдерінің тағдырларын баяндайтын «Алғыс айту» қысқа метражды фильмнің түсірілімі өтті. Фильмнің түсіріліміне мұражай қызметкерлері А. Искендирова мен А. Саморокова қатысты. Фильмнің тұсаукесері 2017 жылдың 1 наурызында «Хабар» телеарнасында көрсетіледі.

23 наурызда Германияның HDR телеарнасының тілшілері Астананың көрікті жерлерімен танысу мақсатында мұражайдың экспозицияларын түсірді. Бейнетүсірілімнің тұсаукесері 2017 жылғы 14 мамырда www.hdr.de. сайтында көрсетіледі.

7 сәуірде экспозиция-көрме жұмысы бөлімінің маманы Б. Жалғасова «Қазақстан NATIONAL GEOGRAPHIK» журналына мұражай қызметі мен «АЛЖИР»-дің тұтқындарының тағдырлары туралы сұхбат берді. Журналдың кезекті нөмірі 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында жарыққа шығу жоспарланып отыр.

8 сәуірде «Қазақстан SPUTNIK» ақпараттық порталының тілшілеріне білім беру акциясы аясында өткізілген «Жаппай диктант» іс-шарасына зерттеу жұмысы бөлімінің маманы Е. Саморокова саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында мұражайда өткізілетін іс-шаралар туралы айтып берді.

3 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Хабар» телеарнасының тілшілері мұражай қызметі туралы бейнесюжеттің түсірілімін өткізді. 2017 жылғы 28-29 мамырда аталған репортаж эфирге шықты.

11 мамырда экспозиция және көрме жұмысы бөлімінің маманы А. Хасенова Абайдың «Жидебай-Бөрілі» Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Алаштың азап тартқан арулары» көшпелі көрмесін ұйымдастырды. Сонымен қатар, ол «Қазақстан» мен «ТВК-6» телеарналарына сұхбат беріп, сонымен қатар «Ертіс Өңірі» газетіне жалпы мұражайдың қызметі мен ұйымдастырылған көрме туралы әңгімелеп берді.

12 мамырдамұражай қызметкерлері Р. Жақсыбаева мен Е. Саморокова саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Хабар» телеарнасының Мая Бекбаевамен «Давайте поговорим» ток-шоу бағдарламасының түсіріліміне қатысты. Аталған бағдарлама 2017 жылғы 31 мамырда эфирге шықты.

18 мамырда Халықаралық мұражай күніне орай мұражай аумағында «Музейдегі түн» іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Мұражай директоры «Азаттық радио»-сына өткізілген іс-шара туралы сұхбат берді. Мұражай мамандары Б. Саханова, А. Хасенова мен Г. Төлепбергенова мұражай қызметі мен алдағы болатын іс-шаралар туралы айтып берді.

23, 25 және 26 мамырда 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында мұражай қызметкерлері Э. Аяғанова, Г. Төлепбергенова мен А. Искендирова «Қазақстан» телеарнасының тілшілеріне мұражай қызметі мен өткізілетін іс-шаралар туралы сұхбат берді.

Биылғы жылдың мамырында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Арқа ажары» және «Астана ақшамы» газеттерінде мұражай қызметі мен «АЛЖИР» лагерінің тарихы туралы бірқатар мақалалар жарыққа шықты.

3 тамызда Семей қаласынан үлгілі отбасының қатысуымен «Отбасылық саяхат» телебағдарламасы аясында «Хабар» Агенттігі Акционерлік қоғамының тілшілері мұражай экспозицияларын түсірді. Түсірілімге мұражайдың экскурсия жүргізушісі Әсем Ескендірова қатысты.

22 тамызда Польшаның «TVР» 1 арнасының тілшілері 30-50-ші жылдары саяси қуғын-сүргін және Қазақтанға жер аударылған поляк ұлты туралы  деректі фильм түсіру мақсатында мұражай экспозициялары бойынша бейнетүсірілім ұйымдастырды. Фильмнің түсіріліміне экспозиция және көрме жұмысы бөлімінің маманы Сая Майлыбаева қатысып, сұхбат берді. 

9 қазанда Астана қаласы Мәдениет Инститиутының студенттері Қазақстанның виртуалды картасын жасау мақсатында мұражай ғимаратының ішкі және мұражай аумағында орналасқан экспозициялардың панорамалық түсірілімін жасады. 

9 қазанда Әзірбайжанның Мемлекеттік Ақпараттық Агенттігі – AZERTAC, Әзірбайжанның Мемлекеттік Телеарнасы мен Радиосы – Az TV, Әзірбайжанның Қоғамдық Телеарнасы –ITV телеарналарының тілшілері мұражай экспозициялары бойынша түсірілім жасады. Зерттеу жұмысы бөлімінің маманы Е. Саморокова «АЛЖИР» лагерінің тарихы мен әйелдердің тағдыры туралы айтып, «АЛЖИР»-де жазасын өтеген 44 әзірбайжан ұлтты әйелдерінің тізімін берді.

FaLang translation system by Faboba