2016 жылғы қазан айындағы іс-шаралар жоспары
  • 10 қазан мұражай «Зерде» залында «Гертруда Платайс – «АЛЖИР» тұтқыны» дәрісі (Гертруда Платайстың туғанына 106 жыл толуына орай).
  • 10-17 қазан № 5 Ақмол орта мектебінің кітапханасында «Қуғын-сүргін тақырыбына бала көзімен» көшпелі көрмесі (балалардың салған жұмыстары бойынша).
  • 12 қазан мұражайы«Зерде» залы«Хайретдин Болғанбаев (1894-1937) – «Алаш» қайраткері» дәрісі (Алаш Орданың көрнекті өкілдерінің бірі, Ақмола облысының тумасы Хайретдин Болғанбаевқа арналған).
  • 13 қазан Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы«Memory of women – prisoners in «ALZHIR» museum. Память о женщинах-узницах в музее «АЛЖИР» слайд көрмесі мен дәріс сабағы (ағылшын тілінде).
  • 14 қазан мұражайы«Зерде» залы«Дәмеш Жүргенева – «АЛЖИР» тұтқыны» дәрісі («АЛЖИР» тұтқыны Дәмеш Жүргеневаның туғанына 111 жыл толуына орай).
  • 19 қазан Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ«Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы«АЛЖИР» тұтқыны Роза Цыпкинаның баласы Бен Гуревичтің естелігі бойынша «Хаттағы тағдыр... История узницы «АЛЖИРа» в письмах» слайд көрмесі мен дәріс сабағы (орыс тілінде).
  • 20 қазан мұражайы«Зерде» залы«Сейтқали Меңдешев (1882-1937)» дәрісі (1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған қоғам және мемлекет қайраткері Сейтқали Меңдешевке арналған).
  • 26 қазан мұражайы«Зерде» залы«Сүлеймен Есқараев (1897-1938)» дәрісі (1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР-нің тұңғыш прокуроры Сүлеймен Есқараевқа арналған).
  • 27 қазан Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы Қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың жұбайы Әзиза Рысқұлованың туғанына 105 жыл толуына орай «Әзиза Түбекқызы Рысқұлова – «АЛЖИР» тұтқыны» көшпелі көрмесі мен дәріс сабағы (қазақ тілінде).
  • FaLang translation system by Faboba