Благотворительная деятельность музея 2019г

Мұражайдың қайырымдылық қызметі.

«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені ашылғаннан бастап қайырымдылық қызметімен айналысуда

19 ақпанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне мүмкіндігі шектеулі 1 адам келді (І-ші топтағы мүгедек).

1 наурызда Алғыс айту күнін мерекелеу аясында Ақмол ауылы аудандық Мәдениет үйінде Целиноград ауданының әкімі М.С. Тәткеевтің қатысуымен ұйымдастырылған «Мейірімді жүрек» қайырымдылық концерті барысында «Аманат-АЛЖИР» қоғамдық қоры Целиноград ауданы Нұресіл және Талапкер ауылдарында тұратын онкологиялық аурумен ауыратын 2 (екі) балаға 14 000 теңге (он төрт мың теңге) көлемінде материалдық көмек көрсетті.

7 наурызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасының жоспар-тапсырмасына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің  «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ «Төрт қадам – төрт таған» рухани-танымдық жобасы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы  Еуразия Ұлттық университеті жанындағы «Дінтану» кафедрасының бірінші курс студенттері келді. Қонақтарға ақысыз түрде «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді (30 адам). 

23 сәуірде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Целиноград ауданы Білім бөлімі «Жұлдыз» балабақшасының тәрбиеленушілері келді. Қонақтарға ақысыз түрде «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді (19 адам).        

25 сәуірде 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Целиноград ауданы Ақмол ауылында тұрып жатқан жер аударылған халықтардың азаматтарына  (10 адам) Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери-тарихи музейі мен «Астана-Бәйтерек» ЖШС бойынша экскурсия ұйымдастырды.

25 сәуірде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Чехиядан, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адам (I топтағы мүгедек) келді.  Қонақтарға ақысыз түрде «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді (4 адам).   

24 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Әлеумет-көмек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғындары үшін (18 адам) ақысыз «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.

30 мамырда 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік қызмет ету орталығы» МКҚК әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғындары үшін ақысыз «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді (өздігінен қызмет ете алмайтын тұлғалар,  қарт кісілер,  І және ІІ топтағы мүгедектер – 70 адам).

14 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» тұрғындарына ақысыз «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді (өздігінен қызмет ете алмайтын адамдар, қарт кісілер, ІІ топтағы мүгедектер – 30 адам). Экскурсия соңында Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының міндетін атқарушы Н.Р. Жанмолдинова мұражай ұжымына қарт кісілер мен ІІ топтағы мүгедектерге ақысыз экскурсия ұйымдастырғаны үшін алғыс хат табыстады.

25 маусымда мұражай ұжымы  2019 жылғы 24 маусымда Түркістан облысы, Арыс қаласындағы оқиғадан зардап шеккендерге жәрдем беру үшін бір күндік еңбек ақыларын аударды.

FaLang translation system by Faboba