«АЛЖИР» тұтқындарының рухына арналған ескерткіш белгілер
2013 жылғы 30 қазанда мұражайдың аумағында Қазақстан Республикасындағы Корей Республикасы елшілігі «АЛЖИР»-де отырған кәріс ұлтының тұтқын-әйелдеріне арналған ескерткіш белгісін ашты.
2012 жылғы 23 тамызда мұражай аумағында Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративтік Республикасы елшілігі неміс ұлтының тұтқын-әйелдеріне арналған Ескерткіш белгісін ашты.
31 мая в 2011 года, в День памяти жертв политических репрессий, на территории музея с участием заместителя акима г. Астаны Балаевой Аиды Галымовны состоялась открытие посольством Азербайджана в РК памятного знака, посвященного женщинам-узницам азербайджан
2011 жылғы 7 қазанда мұражай аумағында Литва Республикасының Президенті Даля Грибаускайте ханымның қатысуымен литва ұлтының тұтқын-әйелдеріне арналған Ескерткіш белгінің ашылуы өтті.
2011 жылғы 15 мамырда мұражай аумағында Украина, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Польша және Ресей елшіліктері өкілдерінің қатысуымен украин ұлтының тұтқын-әйелдеріне арналған Ескерткіш белгінің ресми ашылуы өтті.
24 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің аумағында Қазақстан Республикасындағы Израиль мемлекетінің Елшілігі 1938-1953 жж. «АЛЖИР» лагерінде мерзімін өтеген еврей әйелдеріне арналған ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуы өткізілді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы және Израиль мемлекетінің мемлекеттік әнұрандары орындалды. «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің директоры Самат Ілиясұлы Тергембаев кіріспе сөз сөйледі. Қазақстан Республикасындағы Израиль мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаэль Бродский мырза 30-50-шы жж. саяси қуғын-сүргіннің жазықсыз жапа шеккен құрбандары рухының құрметіне сөз сөйледі. Астана қаласының бас раввині Шмуэль Карнаух дұға оқыды. Сонымен қатар, ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасындағы Грузия мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Зураб Абашидзе және Қазақстан Республикасындағы Аустрияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Герхард Сайллер қатысты.
Сонымен қатар, ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына қазақстандық кинорежиссер, 20 жылдай «Қазақфильм» киностудиясында қызмет атқарған, қазіргі уақытта Израильде тұрып жатқан Сергей Иосифович Шафир қатысты. Іс-шара барысында ескерткіш белгісіне гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді және «АЛЖИР» тұтқындарын еске алу құрметіне 1 минут үнсіздік жарияланды. Ақмола бөлімшесіндегі Қарлагта барлығы 855 еврей әйелдері жазасын өтеген.
Іс-шара ХХ ғасырдың 30-50-шы жылдардағы қайғылы қасірет пен оқиғаларды есте сақтап, тоталитарлық жүйенің жазықсыз жапа шеккен құрбандарына қатысты әділеттілікті бұрынғыдай қалпына келтіру, өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттық сезімге және адагершілікке тәрбиелеу, мұражай қызметін насихаттауға бағытталған.
Іс-шара соңында шақырылған қонақтарға мұражай залдары бойынша экскурсия жүргізілді.
Сонымен қатар М. Бродский мырза саяси қуғын-сүргін тарихынан алған әсерлерін пікір кітабына жазып қалдырды.