4 қараша Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «АЛЖИР» тұтқындары» көшпелі көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылады.
4 қараша № 5 Ақмол орта мектебінде «Бибіжамал Сырғабекова – «АЛЖИР» тұтқыны» дәрісі (Бибіжамал Сырғабекованың туғанына 110 жыл толуына орай) оқылады.
7 қараша «АЛЖИР» мұражайы «Зерде» залында балаларды жоспарлау мен тәрбиелеуге байланысты Ақмол ауылының жас отбасыларына психологиялық және консультативті көмек көрсету бойынша Целиноград аудандық емханасының психологімен кездесу ұйымдастырылады (2015-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында отбасылық қарым-қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-өнегелілік құндылықтарды нығайту бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 4 тармақтарына сәйкес).
8 қараша Целиноград ауданының орталық кітапханасында «Жанайдар Садуақасов (1898-1938)» көрмесі мен дәріс сабағы (1938 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған, мемлекет және қоғам қайраткері Жанайдар Садуақасовтың өмірі мен қызметіне арналған) өтеді.
11 қараша Целиноград ауданында Қараөткел орта мектебінде «Біз куәлік етеміз» көшпелі көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылады.
11 қараша Целиноград ауданының орталық кітапханасында «Нығмет Нұрмаков (1895-1937)» көрмесі мен дәріс сабағы өтеді(1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақов өмірі мен қызметіне арналған).
16 қараша Талапкер ауылының орта мектебінде «Ахметжан Сармантайұлы (1877-1930)» дәрісі оқылады (58 бап» күйін шығарған үшін 1929 жылы атылған).
23 қараша «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi департаментiнiң ЕЦ-166/22 мекемесi» РММ-де «Олардың бейнесі біздің есімізде мәңгі сақталады...» көшпелі көрмесі мен дәріс сабағы өтеді (қылмыстық жазаларды және өзгеде қылмыстық-құқықтық ықпал етумен және сонымен қатар қылмыстық жазаларды өтеп шыққандарға және де басқа адамдарға әлеуметтік көмекті ұйымдастыру бойынша мекемелерге қолдау көрсету аясында).