Майкл Сагатис келді. Ол арғы әжесі Юзефа Буйдо Ақтөбе лагерінде мерзімін өтегені туралы айтты. Қонаққа «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, естелік ретінде мұражайдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіндердің басталғанына 80 жыл толуына орай
«Ұрпақтар ұмытпайды» атты балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді. Майкл Сагатис мұражайдың электрондық поштасына әжесі Юзефа Буйдоның фотосуреттері мен мұрағаттық құжаттарын жіберді.