2019 жылғы 12-18 қараша аралығында Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында «АЛЖИР» мемориалды мұражай кешенінің «АЛЖИР» залында «АЛЖИР» тұтқыны Мариам Анцистің туғанына 120 жыл толуына орай «Тағдырға мойымаған «АЛЖИР» тұтқыны» тақырыбында слайд түріндегі көрмесі мен дəріс сабағы ұйымдастырылды. Мариам Анцистің күйеуі Завель Иосиффович Муллер тұтқындалғанға дейін Краснолучинскідегі (б) БКП қалалық комитетінің хатшысы қызметін ақтарған. 1937 жылдың күзінде Ішкі істер Халық комиссариаты ұйымының шешімімен «халық жауы» атанып жəне ату жазасына кесілді. Бір сағаттың ішінде отбасы мəңгілікке жойылды: жолда кетіп бара жатқанда көліктен қызын алып кетті жəне Мариам Анциске түрменің есіктері ұзаққа 16 жылға жабылды. «АЛЖИР» лагерінде Мариам Анцис тігін цехының басшылық қызметін атқарған.Көрмеде Мариам Анцистің фотосуреттері, мұрағаттық құжаттары мен отбасына тиесілі заттай жəдігерлер ұсынылды.