Счастливое детство
Сіздердің назарларыңызға «АЛЖИР» тұтқыны Мариам Анцистің қызы Валентина Муллердің «Счастливое детство…» Записки дочери «врагов народа» атты электронды нұсқадағы кітапты ұсынып отырмыз.
Аталған кітап – Валяның балалық шағы туралы естелігі, дәлірек айтқанда тек төрт жыл (1937 жылдың жазынан 1941 жылдың көктеміне дейін).Он жастағы Валя және Революция ісіне шынайы берілген, еврей ұлтты ата-анасы, әлемдегі ең бақытты елде өмір сүріп жатқанына сенімді болды. Бұл отбасы үшін үлкен қайғы болған әкесінің тұтқындалуы (көп ұзамай атылған), кейін анасының («Отанын сатқанның» әйелі ретінде тұтқындалғаны), одан – қыздарының тұтқындалуы. Ата-анасын түрмеге, ал Валяны балалар үйіне жөнелтті… Кітап бір деммен жазылған. Барлық оқиғалар он жасар қыздың атынан баяндалған.Ең қайғылы эпизодтар оның болып жатқан жағдайды тікелей қабылдауы және түсінбеуі арқылы беріледі. Бұл жеке тарих КСРО жазалау машинасының зор ауқымының куәсі болып табылады. Кітап кеңестік тоталитаризм сабақтары туралы ойлануға мәжбүр етеді.
Счастливое детство
Счастливое детство