31 қаңтарда «АЛЖИР» мұражайының қызметкерлері «Біз біргеміз» челленджін қолдап, Ақмол ауылының қариясы, қазіргі таңда ауруханада (реанимацияда) жатқан Фатима Самибуллинаның үйінің аумағын қардан тазартты. Сонымен қатар, мұражайдың аумағы да қардан тазартылды. Мұражай директоры Самат Ілиясұлы Тергембаев бірігіп, қиындықтармен күресе алмайтын қарт адамдар мен жағдайы төмен отбасыларға көмектесуге шақырды.