Сондай-ақ, лагерде тұтқын әйелдер мал шаруашылығы фермасын салып, сондағы сиырларды сауып, малдарды өсіріп, оларға күтім жасады. Бірде сиыр бұзаулаған еді және үш тұтқынға бұзауы қатып қалмас үшін күзетуді бұйырды. Бірақ ауыр еңбектен, суық күндерден тонып, шаршап-қажыған әйелдер бір-бірін құшақтап, жылынбақшы болды. Айтсе де қатты шаршағандықтан тез ұйықтап қалғандарын байқамай қалды. Таңертең өлі бұзау табылды. Лагерь бастығының бұйрығын орындамағаны үшін үш әйел де атылды. Барактың жанында әйелдердің мәйіттері екі аптадай жатты.