Әйелдер балаларынан жырақта болғандықтан естерінен де айырылды

 

Дүниеде баласынан айырылған ананың қайғысынан басқа жаман нәрсе жоқ. «АЛЖИР»-дің бұрынғы тұтқындары кешкісін әйелдердің біреуінін баласын алып кетуге келгенін еске алады. Ол баласынан ажырамауға бекінді. Өзіне және балаға арналған шабадандарын жинап, бірге боламыз деп үміттенді. Бірақ түрмеде баласын тартып алғанда, байғұс ана есеңгіреп, шабаданын шатыстырып, ұлына өзінікін беріп қойды. Содан кейін камерада өзімен өзі қатты сөйлесіп, баланың заттарын жинап, жылады. Қайғыдан бұл әйел есінен айырылды, ал баласы балалар үйінде қайтыс болды.

FaLang translation system by Faboba