1928-1931 жылдары – Қазақ педагогикалық институтының тұңғыш ректоры мен тарих кафедрасының меңгерушісі, 1931-1933 жылдары – Денсаулық сақтау халық комиссары. 1933-1934 жж. – Қазақ КСР халық ағарту халық комиссарының орынбасары. 1934-1937 жж. – КСРО ғылым академиясы Қазақ филиалы төрағасының орынбасары, Қазақ педагогикалық институтының тарих кафедрасының профессоры. Қуғын-сүргінге ұшырап, 1938 жылы атылды. 1958 жылы ақталды.
1893 жылы Самарқанд қаласында туған. Ұлты – қазақ. Төңкеріске дейін Санкт-Петербург қаласындағы Смольный инабатты қыздар институтын тәмамдады. 1938 жылдың 21 шілдесінде КСРО НКВД жанындағы Ерекше Кеңесінің шешімімен Отанын сатқан опасыздың отбасы мүшесі ретінде 5 жыл бас бостандығынан айырылды. Ақмола лагеріне 1938 жылдың 3 қазанында Алматы қаласының түрмесінен әкелінді. 1943 жылдың 5 мамырында бостандыққа шықты.