1920 жылы Түркістан Ішкі істер халық комиссары, 1934-1937 жж. – КСРО кеңес бақылау комиссиясының бақылаушысы, құрушылардың бірі және Ортаазиялық мақта-суландырушылық политехникалық институтының тұңғыш директоры, Орта Азияда жер халық комиссариатының уәкілі, КСРО кеңес бақылау комиссиясының Өзбекістан бойынша уәкілінің орынбасары.1937 жылы 2 шілдеде тұтқынға алынып, 1938 жылдың 8 ақпанында атылды. 1957 жылы ақталды.
1901 жылы Қызылорда қаласында туған, ұлты – қазақ. 1938 жылдың 29 мамырында КСРО НКВД жанындағы Ерекше Кеңесінің шешімімен Отанын сатқандардың отбасы мүшесі ретінде 8 жыл бас бостандығынан айырылды. Ақмола лагеріне 1938 жылдың 14 қыркүйегінде Ташкент қаласының түрмесінен әкелінген. Карлагтан 1945 жылдың 6 қазанында босатылды.