Ұлты – орыс. 1938 ж. 10 қаңтарда КСРО ІІХК жанындағы Ерекше Кеңесінің шешімімен ОСОМ ретінде 8 жылға ЕТЛ-не жіберілді.1938жылы 24 ақпанда Мәскеу қаласындағы Бутырь түрмесінен Ақмола ЛБ әкелінді. «АЛЖИР»-де болған кезеңі көрсетілмеген.
1945 ж. 26 қазанда Карлагтан босатылды. 1985 жылы 86 жасында қайтыс болды.Наталия Дроздованың күйеуі Дроздов Александр Константинович 1898 жылы 20 наурызда Мәскеу қаласында ұсақ саудагер отбасында дүниеге келген.1915 жылы гимназияның алты сыныбын бітірді.
1916 ж. сәуір айында өз еркімен әскери қызметке түсті. Үш ай өткен соң майданға кетті. Бірінші дүниежүзілік соғыс қатысушысы. 1935 жылдың қаңтар айынан бастап–ЖШҚӘ АБ артиллериясының материалдық бөлімінің бастығы. 1937 ж. 29 мамырда КСРО Жоғарғы Сотының Әскери Алқасы 1937 ж. 1 шілдеде әскери қастандық жасады деген айыппен тұтқындалды және ату жазасына кесілді. Үкім сол күні орындалды. Мәскеудегі Дон зиратында жерленген.
1956 ж. 27 қазанында Әскери алқаның ұйғарымымен ақталды.Дроздовтар отбасы тұтқынға дейін Мәскеу орталығындағы Чистопрудная гүлзарынлағы 12 үй, 4 корпус, 63 пәтерде тұрған. Наталья Федоровна үй шаруасымен айналысқан, қызы Тамарнды тәрбиелеген. Күйеуі тұтқындалғаннан кейін Наталия Федоровнаны 13 жасар қызы Тамарамен бірге Чистопрудная гүлзарындағы пәтерінен қуып шығады, олар Сокольниктегі әжесі Тимофеева Анна Никаноровнаға көшіп келеді, онда Тамара балалар үйіне өткізілмей әжесінің қамқорлығында қалды. Дроздова Тамара Александровна ұзақ уақыт бойы Вернадский даңғылында орналасқан «Промтрансниипроект» ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді, сол жерден зейнеткерлікке шықты, көптеген құрмет грамоталарына ие болды және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. 2013 жылы өмірден озды.