Цой-Опенько Евгения Петровна 1938 жылдың 28 ақпанында тұтқындалды. 1938 жылдың 5 тамызында КСРО НКВД Ерекше Кеңесінің шешімімен контрреволюциялық іс-әрекеті үшін 10 жыл бас бостандығынан айырылып, Карлаг пен «АЛЖИР-де» мерзімін өтеді. Мария Александровна Цой Мәскеуде жалғыз қалды, жұмысы жоқ, орысшасы шамалы болатын. Заттарын бір түйіншікке жинап, НКВД учаскесіне келді. Сол жерде үш тәулік бойы бір машиналарды аңдығандай болып, құпия сөз тасығанын айтып өзіне жала жауып, үш тәулік бойы сол жерден кетпей отырды. Сөйтіп анасы мен қызы Карлагқа қамалды. 1948 жылдың 27 ақпанында екеуі де босатылып, Акмолада тұрды. Отбасын құрып, тағы бір ұл мен екі қызды дүниеге әкелді. Жұмысқа орналасу өте қиын еді және тұрмыстары да нашар болды. 1952 жылдың 4 маусымында Қылмыстық Кодекстің 58-бабының 6 және 10-тараптары бойынша қайта қылмыстық іс қозғалып, бұлтартпау шарасы ретінде ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. 1952 жылдың 27 қазанында шыққан айыптау қорытындысы – елді мекенге жер аудару. 1953 жылдың 24 ақпанында Е.П. Цойға қатысты істі тоқтату туралы қаулы қабылданды. 1957 жылы Евгения Петровна ақталды. Ақталғаннан кейін Е.П. Цой мектепте лаборант болып орналасты, кейін балабақшада тәрбиеші болып еңбек етті. 1962 жылы Целиноград қаласындағы «Ласточка» балабақшасында 20 жыл бойы меңгеруші болды. Республиканың ағарту саласының еңбек сіңірген қызметкері атағы берілді. Евгения Петровна 1999 жылы 18 желтоқсанда 82 жасында өмірден озды.