Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбанддарын еске алу күнінде мұражай қызметкерлері мен Ақмол ауылында тұратын саяси қуғын-сүргін ұрпақтары Айгүл Үкіметқызы Сүйінжанова, Алла Серікбаевна Тайгаринова, Ибраева Татьяна Александровна, Иван және Валентина Дремельдер, Мұхамеджанова Әйгерім және т.б. репрессия құрбандарының рухын құрметтеп, Зерде қабырғасына гүл шоқтарын қойды. Ұрпақтар атынан Айгүл Үкіметқызы Сүйінжанова мен Иван Дремель Зерде қабырғасына гүл шоқтарын қойды. Ұрпақтар рухының құрметіне дұға бағышталды.