«Ұрпақтар ұмытпайды» көрмесінде Қазақ КСР денсаулық сақтау халық комиссары Хасен Нұрмұхамедов пен оның жұбайы, «АЛЖИР» тұтқыны Кира Берсеневаның, Алматы облысы Кеген ауданының прокуроры Шәкір Ғайсин және оның жұбайы Ғайнижамалдың, Амторг төрағасы Саул Брон мен оның жұбайы Клараның, Добруш Мемлекеттік банк бөлімінің директоры Севек (Сендер) Лихтенштейн және оның жұбайы «АЛЖИР» тұтқыны Ентаның, Стефания Гриневичтың, Роза Цыпкинаның және т.б. фотосуреттері мен мұрағаттық құжаттары ұсынылды.