2019 жылғы қазан-қараша аралығында «АЛЖИР» мұражайының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының қолдауымен Санкт-Петербург, Тель-Авив және Тбилиси қалаларына барып қайтты.

Зерттеу экспедицияны ұйымдастыру мақсаты – мұражай қорын толықтыру, ХХ ғасырдың 30-50 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін тарихын баяндайтын материал жинау, қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарымен кездесу, «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің қызметін насихаттау. Жиналған материалдар негізінде мұражай ұжымы «АЛЖИР»-дің бірегей жәдігерлері» көрмесін ұйымдастырды.

FaLang translation system by Faboba