Афонина-Ивинг Татьяна Павловна – хореограф, Қазақ КСР-нің еңбегі сіңірген мәдениет қайраткері
1911 жылы Санкт-Петербург қаласында туған. 1927 жылы Киевте жеке балет мектебін, 1929 жылы – Ленинградта балет сыныбын бітірді. 1929-1930 жж. – Киев концерт-эстрада бюросының балеринасы, 1930-1937 жж. – Мемлекеттік музыка, эстрада және цирк бірлестігінің балеринасы. 1937 жылы Отанын сатқан опасыздың отбасы мүшесі ретінде 5 жылға сотталып, еңбекпен түзеу лагеріне жіберілді. 1943 жылдан бастап, босатылғаннан кейін Ақмолада тұрды, клубта жұмыс істеді. Кейін В.И. Ленин атындағы теміржолшы мәдениет сарайында қызмет етті. Сонда би ансамблін құрып, басқарды.