«АЛЖИР» тұтқыны Анна Савельевна Сумецкая туралы қызы Елена Михайловна Ржевскаяның естелігімен бейнетүсірілім.
Анна Савельевна Сумецкая 1889 жылы Могилев губерниясының Мстиславль қаласында туған, ұлты – еврей. 1938 жылдың 21 маусымында КСРО НКВД жанындағы Ерекше Кеңесінің шешімімен Отанын сатқандардың отбасы мүшесі ретінде 8 жылбас бостандығынан айырылды. Ақмола лагеріне 1938 жылдың 19 шілдесінде Новосибирск қаласының түрмесінен әкелінген. «АЛЖИР»-де болған уақыты белгісіз. Карлагтан 1945 жылдың 30 қыркүйегінде босатылды.