Майлина Күлжамал Мұсабайқызы (1900-1974 жж.) – қазақтың белгілі жазушысы Бейімбет Майлиннің жұбайы
1900 жылы Қарабалық қаласында туған, ұлты – қазақ. 1938 жылдың 21 шілдесінде КСРО НКВД Ерекше Кеңесінің шешімімен Отанын сатқандардың отбасы мүшесі ретінде 5 жыл бас бостандығынан айырылды.1938 жылдың 3 қазанында Алматы түрмесінен Ақмола лагеріне әкелінді. 1943 жылдың 5 мамырында Карлагтан босатылды.
Майлин Бейімбет Жармағамбетұлы (1894-1938 жж.)
1894 жылы Қостанай облысында туған. Қазақ жазушысы, драматург, Қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Буржуазиялық ұлтшылдық пен көтеріліске қатысы бар деген күдікпен қамауға алынып, КСРО Жоғарғы сотының әскери коллегиясының шешімімен 1938 жылдың 26 ақпанында ату жазасына кесілді. 1957 жылдың 16 сәуірінде ақталды.