Кеңес шаруашылық қайраткері, дипломат. БОАК, Сыртқы Істер және Ішкі сауданың комиссариатындарда қызмет істеді. Шпицберген аралында кеңес көмір концессияны басқарды. Бір уақытта норвегия аралында КСРО бас консулы болды. «Бухкино», «Звезда Востока» киностудияларында тұңғыш кеңес фильмдерінің шығаруымен айналысты. 1937 жылдың 30 сәуірінде тыңшы ретінде айыпталып, тұтқындалды. 1938 жылдың 8 қаңтарында ату жазасына кесілді. 1956 жылдың 3 наурызында ақталды.
Плисецкая Рахиль Михайловна (1902-1993 жж.) – Кеңес шаруашылық қайраткері, дипломат Михаил Плисецкийдің жұбайы, дыбыссыз киноның шебері, КСРО халық әртісі
1902 жылы 4 наурызда Польшаның Вильно қаласында туған, ұлты – еврей. Тұтқынға алынғанға дейін «Екінші әйел», «Алапес» тағы басқа фильмдерге түскен. КСРО НКВД 1938 жылғы 16 наурыздағы арнайы қаулысымен «әлеуметтік қауіпті элемент» ретінде 8 жыл бас бостандығынан айырылды. 1938 жылдың 4 мамырында Бутырка түрмесінен «АЛЖИР»-ге әкелінді. 1939 жылы Шымкент қаласына жер аударылды. Онда ол би мектебінде жұмыс істеді. Атақты балет бишісі Мая Плисецкаяның анасы.