12 тамыз – халықаралық жастар күніне орай музей қызметкерлерінің қатысуымен түсірілген «ХХ ғасырдың 1940-1980 жылдардағы киім сән үлгілері» бейнетүсірілімі. Бейнетүсірілімді шығару мақсаты – жастарды рухани-адамгершілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу, жастарға «АЛЖИР» тұтқындарының өмірін үлгі етіп тәрбиелеу, саяси қуғын-сүргін тақырыбын оқып білу, мұражай қызметін насихаттау. Бұл бейнетүсірілімінде «АЛЖИР» тұтқындары тұтынған киім, аяқ киім, қол сөмкемен бірге үй жабдықтары көрсетілген.