Лидия Френкель туралы немересі Дарья Виолинаның естелігімен бейнетүсірілім. Френкель Лидия Михайловна (1909-2000 жж.) –Днепропетровск алюминий комбинатының директоры Александр Михайлович Френкельдің жұбайы, дыбыссыз киноның шебері. 1909 жылы Луганск қаласында туған. Ұлты – еврей. 1938 жылдың 20 мамырында КСРО НКВД жанындағы Ерекше Кеңесінің шешімімен Отанын сатқан опасыздың отбасының мүшесі ретінде 5 жыл бас бостандығынан айырылды. Ақмола лагеріне 1938 жылдың 10 тамызында Мәскеудегі Новинка түрмесінен әкелінген. 1943 жылдың 8 мамырында бостандыққа шықты.