Соловьева Софья Гавриловна 1900 жылы туған, партияда жоқ. Тамбов губерниясында тұрды. 1922 жылы тамызда тұтқындалды. Бутырь, содан кейін Ярославль түрмелерінде отырған. Айыптау: социалист- революционерлердің ісі бойынша. Үкім: Соловецк концлагеріне 2 жылға бас бостандығынан айыру. 4.04. 1923 жылы Архангельск к/л-не, 06.1923 ж. Соловкиге жіберілді, мерзімі аяқталған соң Усть-Сысольскийге айдалып, болашақ күйеуі Валентин Александрович Несмеяновпен кездесті. Күйеуі қамауға алынып, ату жазасына кесілгеннен кейін, 1937 жылы 26 наурызда КСРО НКВД жанындағы Ерекше Кеңесінің шешімімен Отанын сатқанның отбасы мүшесі ретінде 8 жылға еңбекпен түзеу лагеріне жіберілді. Ақмолаға 1937 жылы 16 қазанда Қазан түрмесінен әкелінді. 1945 жылы 16 қазанда босатылды.