Тәтімова Шәкітай Құрманқызы (1908-1965 жж.)

Тәтімова Шәкітай Құрманқызы (1908-1965 жж.) – ҚАКСР Денсаулық сақтау комиссары Мұқаметқали Тәтімовтің жұбайы. 1908 жылы Шығыс-Қазақстан облысының Қарқаралы қаласында туған. Ұлты – қазақ. 1938 жылдың 21 шілдесінде КСРО НКВД Ерекше Кеңесінің шешімімен Отанын сатқандардың отбасы мүшесі ретінде 5 жыл бас бостандығынан айырылды. Ақмола лагеріне 1938 жылдың 3 қазанында Алматы қаласының түрмесінен әкелінген. 1943 жылдың 5 мамырында бостандыққа шыққан.

FaLang translation system by Faboba