Гулагтың лагерлері арқылы 18 мыңңан астам әйелдер этаппен өтті, оларды үнемі лагерден лагерге ауыстырып отырған. «АЛЖИР»-де бір мезгілде 8 мыңға жуық әйел отырған. Олардың ішінде көбі орыстар – 4 390 (50 %), еврейлер – 855 (20 %), украиндар – 740 (15 %) және қазақ – 87 (2 %) әйелдері болды. Сонымен қатар, лагерде неміс, француз, швед, жапон, норвеж, австрийлік, поляк, грузин, армян, әзірбайжан, литов, латыш және т.б. ұлттың әйелдері жазасын өтеген. «АЛЖИР»-де 600-ге жуық (нақты саны анықталып жатыр) әйел қайтыс болған