«АЛЖИР тұтқындары» деп аталатын экспозициялық көрме залы «Отанын сатқандар» әйелдерінің ақмолалық лагерінің тарихына, кінәсіз тұтқында отырған әйелдерге арналады. Мұнда олардың өмірі туралы материалдар орналастырылған. Отбасылық фотосуреттер, жеке заттары, «АЛЖИР» лагерінің тұтқындары қолдарымен жасаған заттар қойылған. Гулагтың лагерлері арқылы 18 мыңңан астам әйелдер этаппен өтті, оларды үнемі лагерден лагерге ауыстырып отырған. «АЛЖИР»-де бір мезгілде 8 мыңға жуық әйел отырған. Олардың ішінде көбі орыстар – 4 390 (50 %), еврейлер – 855 (20 %), украиндар – 740 (15 %) және қазақ – 87 (2 %) әйелдері болды. Сонымен қатар, лагерде неміс, француз, швед, жапон, норвеж, австрийлік, поляк, грузин, армян, әзірбайжан, литов, латыш және т.б. ұлттың әйелдері жазасын өтеген. «АЛЖИР»-де 600-ге жуық (нақты саны анықталып жатыр) әйел қайтыс болған. Негізінен тұтқындалғандар одаққа танымал саяси және қоғам қайраткерлерінің әйелдері: Әзиза Рысқұлова және оның анасы Арифа Есенғұлова, Дәмеш Жүргенова, Рабиға Асфандиярова, әнші Лидия Русланова, жазушы Галина Серебрякова, атылып кеткен маршал Тухачевскийдің отбасының әйелдері, жазушы Борис Пильняктың әйелі Кира Андронникошвили, Юрий Трифоновтың әйелі Евгения Лурье, Булат Окуджава мен Майя Плисецкаяның да аналары болды.