25 қазанда инстаграм, фэйсбук парақшалары мен ютуб каналында Нұр-Сұлтан қаласы №1 өнер мектебінің оқушылары Дамира Ахатова, Ақбота Баттал, Айша Жиянша, Әйгерім Омарова, Мария Безрукова, Сүлейма Мамышева, Дильназ Құсайынова, Анжелина Першина, Айзере Серікқалиева, Аруан Мәкеновалар мұражай қорына табыстаған жұмыстары негізінде жасалған бейнетүсірілім жарияланды.
Олар өз жұмыстарында «АЛЖИР» тұтқындарының өміріндегі қайғылы сәттерін: тұтқындалуын, балаларынан айырылуын, тұтқында сурет салу сәттерін бейнелеп берді.