2020 жылғы 1-6 қазан аралығында Қостанай облысының Қарабалық ауданына зерттеу экспедиция ұйымдастырылды. Ондағы мақсат – ХХ ғасырдың 30-50-жылдардағы саяси қуғын-сүргін тақырыбы бойынша материал жинау, ұрпақтармен кездесу.
Іс-сапар барысында мұражай маманы
Р. Жақсыбаева тарихи-өлкетану музейінде болды. Аталған музей «АЛЖИР»
тұтқыны Ментай Даукенованың, «Айқап» журналының тұңғыш редакторы
Мұхамеджан Сералиннің архивтік құжаттарының көшірмелерін табыс етті.