Ресми шежіре

2021 жылғы 16 ақпанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасы елшілігінен делегация келді, атап айтқанда Қазақстан Республикасындағы Франция елшісі – Дидье Канесс, ынтымақтастық бойынша аташе - Александра Тиркюир Менс және т.б. Мұражайға келу мақсаты – Франция елшілігі мен «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені арасындағы ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастықтың орнатылуы. Кездесу барысында «АЛЖИР»-де мерзімін өтеген француз ұлтты әйелдердің, атап айтқанда Бланш Антоновна Бурлард Нейманның, Жанна Павловна Коршикованың, Юлия Георгиевна Процикованың және Мария Ивановна Салтаненко-Пужоланың рухына арналған гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізілді, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді, сонымен қатар архивтік құжаттарды анықтау үшін француз ұлтты әйелдердің тізімі және мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты саяси қуғын-сүргін құрбандары балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді. Елші мырза пікір кітабына мұражай ұжымына деген лебізін жазып қалдырды

FaLang translation system by Faboba