Экспозиция және көрме қызметі

2021 жылғы 5 ақпанда инстаграм, фэйсбук парақшалары мен ютуб каналында «Рысбай Ғабдиев – Қазақ КСР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер» бейнетүсірілімі жарияланды. Мақсаты - Рысбай Ғабдиевтің өмірі мен қызметін зерттеу. Рысбай Хисметұлы – қазақстандық домбырашы, дирижер, профессор. Қазақ КСР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер. Қазақстанның халық әртісі. Ғабдиевтің репертуарында – Құрманғазының, Дина Нұрпейісованың, Дәулеткерейдің, Сейтектің, Ерғалидің, Еспайдың, Абылдың, Қазанғаптың және т.б. күйлері. «Парасат» орденімен марапатталған. Аталған бейнетүсірілімде Рысбай Ғабдиевтің өмірі мен қызметін баяндайтын материалдар ұсынылды.

FaLang translation system by Faboba