2021 жылғы 12 ақпанда инстаграм, фэйсбук парақшалары мен ютуб каналында қоғам қайраткері Сара Алпысқызы Назарбаеваның 80 жылдығына орай «Жүректерге жол тапқан» бейнетүсірілімі жарияланды. Сара Алпысқызы Назарбаева – «Бөбек» Ұлттық қорының негізін құрушы және Президент. Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы. «Өзін-өзі тану» деп аталатын адамгершілік және рухани құндылықтарды жаңғыру бойынша тәрбиелік жобаның авторы: оның басты мақсаты – адами құндылықтарды жаңғырту, балаларды өзімен және қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүруге үйрету. Аталған көрмеде Сара Назарбаеваның өмірі мен қызметін баяндайтын материалдар ұсынылды.