2021 жылғы 15 ақпанда инстаграм, фэйсбук парақшалары мен ютуб каналында Ауғанстан оқиғасының тарихи мағынасын ашу, интернационалист-жауынгерлерді еске алу, патриоттық сезімге және адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Ауғанның отты жалыны» көрмесі жарияланды. Көрмеде Ауғанстан оқиғасының фотохроникасы, хабар ошарсыз кеткен және қаза тапқан қазақстандықтардың сандық кестесі, сонымен қатар Целиноград ауданында туып-өскен, интернационалист-жауынгер Ж.Т.Дүйсекеевтің мұражай қорына тапсырған құжаттары мен фотосуреттері ұсынылды.