2021 жылғы 25 ақпанда инстаграм, фэйсбук парақшалары мен ютуб каналында «АЛЖИР» тұтқыны Ксения Чупряеваның 125 жылдығына орай «АЛЖИР» — азап аралы» көрмесі жарияланды. Ксения Трофимовна 1896 жылы Амур облысы Иванов ауданы Аловка ауылында туылған. Тұтқындалғанға дейін Владивосток қаласында тұрды. 1938 жылдың 31 шілдесінде КСРО НКВД Ерекше Кеңесінің шешімімен Отанын сатқан отбасының мүшесі ретінде 5 жылға бас бостандығынан айырылды.1938 жылдың 28 тамызында Владивосток этабымен Карлагқа әкелінді. 1943 жылдың 12 мамырында босатылды.