2021 жылғы 28 ақпанда инстаграм, фэйсбук парақшалары мен ютуб каналында қазақтың ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Ұлы дала ақыны – Жамбыл Жабаев» бейнетүсірілімі жарияланды. Бейнетүсірілімді түсіру мақсаты – өскелең ұрпақ арасында Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттау, оның шығармаларын оқу арқылы патриоттық рухын көтеру, ақынның шығармашылығына қызығушылық арттыру. Аталған бейнетүсірілімде № 5 Ақмол орта мектебінің оқушылары-«Малиновка» іздестіру тобы мүшелерінің орындауында ақынның өлеңдері ұсынылды. Бейнероликпен инстаграм парақшасында 58 оқырман танысты.

FaLang translation system by Faboba