Ресми шежіре:

2021 жылғы 28 наурызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «АЛЖИР» тұтқыны Шукюр Бейли Минабар Абушқызының немересі Марина Николаевна Мирчева келді. Ол әжесінің тұтқындалғанға дейін және лагерьден босатылғаннан кейінгі өмірі туралы айтып, мұражай қорына әжесінің 25 жастағы фотосуреті мен өмірінің соңғы күндері таққан бас орамалын табыс етті. Қонаққа «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізілді, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді, сонымен қатар мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты саяси қуғын-сүргін құрбандары  балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.

FaLang translation system by Faboba