2021 жылғы 28 сәуірде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Украинадан делегация келді, атап айтқанда Ұлттық авиация университетінің ректоры Максим Луцкий, ұйымдастыру-құқық және қызмет қауіпсіздігі бойынша проректор Сергей Юлдашев, үздіксіз білім беру бойынша оқу-ғылыми институтының директоры Алексей Михальченко және халықаралық қатынастар деканы Юрий Волошин. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.