2021 жылғы 17 шілдеде инстаграм, фэйсбук парақшалары мен ютуб каналында Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің 115 жылдығына орай «Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің рухына арналады» бейнетүсірілімі жарияланды. Өткізу мақсаты – Қазақ КСР халық әртістері, Мемлекеттік премия лауреаттары, қазақтың музыкалық мәдениетінің негізін қалаушылары, композиторлардың өмірі мен шығармашылығын насихаттау.